https://sputnik.kz/20221124/ukimet-uyinde-qazaqstan-men-kanada-yntymaqtastygyn-nygaytu-maseleleri-talqylandy-29704075.html
Қазақстан мен Канаданың сауда айналымы 730 млн долларға жетті
Қазақстан мен Канаданың сауда айналымы 730 млн долларға жетті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Канада премьер-министрінің ЕО және Еуропа бойынша арнайы уәкілі, Канаданың Франциядағы Елшісі... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T17:57+0500
2022-11-24T17:57+0500
2022-11-24T18:22+0500
қазақстан
канада
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619015_0:163:3061:1885_1920x0_80_0_0_c756aa3e3b6ebd9a566f8d1229746cd2.jpg
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Канада премьер-министрінің ЕО және Еуропа бойынша арнайы уәкілі, Канаданың Франциядағы Елшісі Стефан Дион Қазақстан-Канада ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.Тараптар екіжақты сауданы дамыту, инвестициялық өзара іс-қимыл және энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің қызметін талқылады.Әлихан Смайылов екі ел арасында кешенді сауда-экономикалық әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы өзара сауда көлемі 34%-дан астам өсіп, шамамен $500 млн-ды құрады, ал биылғы 9 айда бұл көрсеткіш $730 млн-ға жетті. Сонымен қатар Қазақстан экономикасына тікелей канадалық инвестициялар көлемі де арта түсуде, бұл көрсеткіш өткен жылы $385 млн-нан асты.Сонымен қатар, үкімет басшысының айтуынша, жүк транзиті және жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытудың мүмкіндіктері зор.Өз кезегінде Стефан Дион қазақстандық тарапты президент сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, республикада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.Стефан Дион, нақтырақ айтқанда, энергетика секторындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларына, оның ішінде ЖЭК және декарбонизациялауды дамыту жөніндегі іскерлік байланыстардың келешектегі жай-күйіне тоқталды."Бұл – Қазақстан үшін де, әлемдік қоғамдастық үшін де өте маңызды қадам. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Атап айтқанда, “таза” сутегіне және басқа да тұрақты отынға көшу қызығушылық тудырып отыр", — деді Стефан Дион.Тараптар сондай-ақ, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алысты.
қазақстан
канада
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619015_165:0:2896:2048_1920x0_80_0_0_215f9babc5cb85149dafc0ea9393234f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, канада
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Канада премьер-министрінің ЕО және Еуропа бойынша арнайы уәкілі, Канаданың Франциядағы Елшісі Стефан Дион Қазақстан-Канада ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Тараптар екіжақты сауданы дамыту, инвестициялық өзара іс-қимыл және энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ Қазақстан-Канада Іскерлік кеңесінің қызметін талқылады.
Әлихан Смайылов екі ел арасында кешенді сауда-экономикалық әріптестік қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, өткен жылы өзара сауда көлемі 34%-дан астам өсіп, шамамен $500 млн-ды құрады, ал биылғы 9 айда бұл көрсеткіш $730 млн-ға жетті. Сонымен қатар Қазақстан экономикасына тікелей канадалық инвестициялар көлемі де арта түсуде, бұл көрсеткіш өткен жылы $385 млн-нан асты.
"Біз инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және өзара сауда көлемін ұлғайту бағытында әлеуеттің зор екенін көріп отырмыз. Қазақстан экономиканың түрлі секторларындағы өз өнімдерінің 45 түрін жеткізу көлемін $255 млн-ға ұлғайтуға дайын", — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар, үкімет басшысының айтуынша, жүк транзиті және жаңартылатын энергия көздерін дамыту салаларында өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытудың мүмкіндіктері зор.
Өз кезегінде Стефан Дион қазақстандық тарапты президент сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, республикада жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға қолдау білдірді.
Стефан Дион, нақтырақ айтқанда, энергетика секторындағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларына, оның ішінде ЖЭК және декарбонизациялауды дамыту жөніндегі іскерлік байланыстардың келешектегі жай-күйіне тоқталды.
"Бұл – Қазақстан үшін де, әлемдік қоғамдастық үшін де өте маңызды қадам. Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Атап айтқанда, “таза” сутегіне және басқа да тұрақты отынға көшу қызығушылық тудырып отыр", — деді Стефан Дион.
Тараптар сондай-ақ, екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алысты.