Әлем

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 93 адамға жетті

© AFP 2024 / YASIN AKGULАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Түркияның батысында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Қолда бар соңғы мәлімет бойынша зардап шеккендер саны 93 адамды құрайды", - деп мәлімдеді елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
Алдын ала мәлімет бойынша қаза болғандар жоқ. Өңірдің оқу мекемелерінде сабақ уақытша тоқтатылды.
Еске салсақ, сәрсенбі күні Түркияның батысында магнитудасы 6,0 жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері бүкіләлемдік уақытпен 01.08-де тіркелді.
Эпицентр Дюздже қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 14 шақырымда орналасты. Ошағы алты шақырым тереңдікте болды.
Бұған дейін Түркияда жер сілкінісінен 35 адам зардап шеккені туралы хабарланған болатын.
Жаңалықтар
0