Түркістан облысында 11 елді мекенге су құбыры тартылады

© Pixabay / Jack SellaireСу
Су - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Түркістан облысында биыл 13 сумен қамту нысаны пайдалануға беріліп, мүлде құбыр тартылмаған 11 елді мекенге ауыз су жеткізу жоспарланып отыр. Қалған 42 нысанның құрылысы 2023 жылға ауыстырылады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бұл туралы өңірді ауыз сумен қамту жұмыстары, осы саладағы өзекті түйткілдер талқыланған мәжілісте белгілі болды.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың мәлімдеуінше, өңірде 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 831 елді мекеннің 712-сі (7 қала, 705 ауылдық елді мекен) немесе 85,7 % ауыз сумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде ауыз су беру қызметімен айналысатын 32 кәсіпорын бар.
Биыл Жетісай, Сарыағаш, Мақтарал, Қазығұрт, Келес ауданындағы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың барысына басқарма мамандары арнайы зерделеу жұмыстарын жүргізді. Анықталған кемшіліктер бақылауға алынған.
Жиынды түйіндеген облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне ауыз су мәселесін назарда ұстау, ауыз судың жер асты қорларын барлау, жобалық-сметалық құжаттар мен су нысандарының құрылысын сапалы атқару жөнінде тапсырма берді.
Жаңалықтар
0