https://sputnik.kz/20221124/sut-salasyn-subsidiyalauga-249-mlrd-tenge-bolindi-29683721.html
Сүт саласын субсидиялауға 24,9 млрд теңге бөлінді
Сүт саласын субсидиялауға 24,9 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт өнімдерін арттыру үшін кешенді бағдарламаларды жүзеге асырмақ. Өйткені Қазақстандағы сүт... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T10:26+0500
2022-11-24T10:26+0500
2022-11-24T10:26+0500
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23743599_0:81:1280:801_1920x0_80_0_0_9dfde5628cb3d81b4883a72004b2ed91.jpg
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт өнімдерін арттыру үшін кешенді бағдарламаларды жүзеге асырмақ. Өйткені Қазақстандағы сүт тауарлары бірнеше пайызға қымбаттап кетті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Жыл басынан бері Қазақстанда шамамен 5,5 млн тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1% өсті. Тауарлық сүт өндірісінің нақты көлемі 3,4 млн тоннаны құрады, бұл да бір жыл бұрынғыдан 1,3%-ға артық.Биыл кәсіпорындардағы сүт өнімдерін сату бағасы 235-тен 300 теңгеге дейін жетті. Себебі жем бағасы мен импорттық шығын материалдары, қаптама ыдыстарға дейін қымбаттаған.Биыл сүт саласын субсидиялауға шамамен 24,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сүт өндіруге 18,6 млрд теңге бағытталды. Бұл мемлекеттік қолдау 467 субъектіге, оның ішінде сүт-тауар фермалары мен Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (ӘКК) көрсетілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23743599_92:0:1263:878_1920x0_80_0_0_eb02b0172b2238a983019435151c94a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
субсидиялар
Сүт саласын субсидиялауға 24,9 млрд теңге бөлінді
АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі сүт өнімдерін арттыру үшін кешенді бағдарламаларды жүзеге асырмақ. Өйткені Қазақстандағы сүт тауарлары бірнеше пайызға қымбаттап кетті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері Қазақстанда шамамен 5,5 млн тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1% өсті. Тауарлық сүт өндірісінің нақты көлемі 3,4 млн тоннаны құрады, бұл да бір жыл бұрынғыдан 1,3%-ға артық.
Биыл кәсіпорындардағы сүт өнімдерін сату бағасы 235-тен 300 теңгеге дейін жетті. Себебі жем бағасы мен импорттық шығын материалдары, қаптама ыдыстарға дейін қымбаттаған.
Биыл сүт саласын субсидиялауға шамамен 24,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сүт өндіруге 18,6 млрд теңге бағытталды. Бұл мемлекеттік қолдау 467 субъектіге, оның ішінде сүт-тауар фермалары мен Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға (ӘКК) көрсетілді.