Смайылов энергетика нысандарын жекешелендірудің негізділігін тексеруді тапсырды

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаӘлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді
Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қатысушылар квазимемлекеттік сектордан төмендетілген бағамен бәсекелестік ортаға берілген қаржы ұйымын республикалық меншікке қайтару шарттарын талқылады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы мен цифрлық медициналық жүйелердің қажеттіліктері үшін өнеркәсіптік өнімдер өндіру саласында жұмыс істейтін бірқатар компанияға қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары қаралды.
Сондай-ақ премьер-министр Бас прокуратураға елдегі бірқатар энергетика нысанын жекешелендірудің негізділігіне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Қоғам
Үкіметтің жұмысы халықтың табысын арттыруға бағытталады – Смайылов
Жаңалықтар
0