https://sputnik.kz/20221124/senat-sheteldik-kolikti-200-myn-tengege-tirkeuge-mumkindik-beretin-zandy-qabyldady-29687181.html
Сенат шетелдік көлікті 200 мың теңгеге тіркеуге мүмкіндік беретін заңды қабылдады
Сенат шетелдік көлікті 200 мың теңгеге тіркеуге мүмкіндік беретін заңды қабылдады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Сенат шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша заң жобасын қабылдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T11:28+0500
2022-11-24T11:28+0500
2022-11-24T11:28+0500
көлік
заң
https://sputnik.kz/img/1275/81/12758134_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_1ccd0c191a788b19c5ebb9ec225f39b8.jpg
АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Сенат шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша заң жобасын қабылдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заң бойынша Салық колексіне өзгеріс енгізіледі. Оған сәйкес, Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін кірген шетелдік көліктерді бірыңғай алыммен тіркеп, заңдастыруға болады. Оның көлемі – 200 мың теңге."2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркегені үшін бірыңғай алымды белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға жағдай жасайды, сондай-ақ осы автомобильдер бойынша көлік құралдарына салынатын салық жергілікті бюджетті толықтырады", - деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев сенаттың жалпы отырысында.Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен тіркеу шаралары қашан басталатынын хабарлаған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1275/81/12758134_418:0:2582:1623_1920x0_80_0_0_52d0375c0ead82ffa63e57530223bc2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, заң
Сенат шетелдік көлікті 200 мың теңгеге тіркеуге мүмкіндік беретін заңды қабылдады
АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Сенат шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша заң жобасын қабылдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заң бойынша Салық колексіне өзгеріс енгізіледі. Оған сәйкес, Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін кірген шетелдік көліктерді бірыңғай алыммен тіркеп, заңдастыруға болады. Оның көлемі – 200 мың теңге.
"2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркегені үшін бірыңғай алымды белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға жағдай жасайды, сондай-ақ осы автомобильдер бойынша көлік құралдарына салынатын салық жергілікті бюджетті толықтырады", - деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев сенаттың жалпы отырысында.
Айта кетері, бұған дейін ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді жеңілдетілген тәртіппен тіркеу шаралары
қашан басталатынын хабарлаған болатын.