Қазақстанға қатысты жауапсыз мәлімдемелердің артында Батыс тұр – Ресей елшісі

© Sputnik / Владислав ВодневАлексей Бородавкин
Алексей Бородавкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Ресей Қазақстанға қатысты одақтастық қарым-қатынасын қайта қарамайды. Бұл туралы Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің жуырдағы мәлімдемесіне түсініктеме бере отырып мәлімдеді.
Дробницкий "Россия 1" арнасындағы "Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасында Қазақстан "Украинаның ізімен" жүріп, "Ресей үшін келесі проблемаға" айналуы мүмкін екенін айтты.
"Қазақстан – біздің ең жақын одақтасымыз және интеграциялық серіктесіміз, бұл саяси аксиоманы қайта қарау мәселесі Ресей – Қазақстан қарым-қатынасының күн тәртібінде тұрған жоқ", - деп түсіндірді Алексей Бородавкин Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Дипломат бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин де, сыртқы істер министрі Сергей Лавров та бірнеше рет айтқанын еске салды.
"Сарапшылардың" ойдан шығарылған Кремльдің кейбір сыртқы саяси жоспарлары туралы жауапсыз жорамалдары Мәскеу мен Астананың ортақ мүдделеріне қайшы және бұл тату мемлекеттер мен халықтардың арасына жік салуды көздеген Батыс үшін тиімді болып отыр", - деп есептейді Бородавкин.
Оның пікірінше, Батыстың тапсырысымен жасалған осындай арандатушылық әрекетті интернетте русофобиялық сипатта мәлімдеме жасайтын қазақстандықтар да орындап жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында дәл осындай экстремистік әрекеттерді "қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу, мемлекеттің негіздерін шайқалту әрекеті" деп атап, олармен ымырасыз күресуге шақырды.
Жаңалықтар
0