Өңірлер

Қала балалары қазақ тілін үйрену үшін жазда ауылға барады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қалада тұратын балалар жазғы каникул кезінде ауылдардағы қазақ отбасыларына барады. Өңір басшысы Даниал Ахметов тіл лагерьлерін ұйымдастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ахметов ауызекі қазақ тілін үйренуге ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
"Ол үшін әлемдік тәжірибені пайдаланып, жазда тіл лагерьлері жұмыс істейді. Онда қаладан келген балалар ауылдардағы қазақ отбасыларына барып, тілдік ортаға енеді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әкім әр түрлі этнос өкілдеріне өз ана тілін үйрену үшін облыста барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінде өткен жиында білім беру саласындағы цифрландыру мәселесі талқыланды.
Ахметовтің айтуынша, өңірдегі барлық мектепте IT және робототехника сыныптары жұмыс істейді, білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен жабдықталған, digital East қосымшасы арқылы ата-аналар үшін бақылау бағдарламасы енгізілуде.
Жаңалықтар
0