https://sputnik.kz/20221124/europa-gazdyn-shekti-bagasyn-usyndy-29728381.html
Еуропа газдың шекті бағасын ұсынды
Еуропа газдың шекті бағасын ұсынды
Sputnik Қазақстан
Еуроодақ ресейлік ресуртарға арналған баға лимитін келісуге тырысып жатыр. Бір жағынан Мәскеуді табыссыз қалдыруды көздесе, екінші жағынан өздері энергия... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T18:29+0500
2022-11-24T18:29+0500
2022-11-28T16:29+0500
газ
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/19/29730824_0:772:2266:2047_1920x0_80_0_0_a078cfc4f45f8ee704bd49c2cf925389.jpg
Еуроодақ ресейлік ресуртарға арналған баға лимитін келісуге тырысып жатыр. Бір жағынан Мәскеуді табыссыз қалдыруды көздесе, екінші жағынан өздері энергия тасымалдағышсыз қалмауы керек. Әйтпесе, басқа елдерден үш есе қымбатқа сатып алуға тура келеді. Ақырында Еурокомиссияның шекті бағаны тым жоғары белгілеуіне біреу наразы болса, тағы басқаларының күлкісін тудырды, деп жазды РИА Новости.Бағаны шектеу туралы Батыс елдерінің басшылары маусым айында G7 саммитінде келісті. Желтоқсаннан бастап мұнайға, ақпаннан бастап мұнай өнімдеріне лимит күшіне енеді. Газ бойынша шектеу әлі белгісіз.Бірақ Еурокомиссия қазірдің өзінде Title Transfer Facility (TTF) виртуалды хабында бір МВт үшін ең жоғарғы баға 275 еуро болады деген болжам жасады."Бұл панацея емес, - деді энергетика жөніндегі еурокомиссар Кадри Симсо. - Бірақ бұл бізге қажет кезде пайдалана алатын қуатты құрал береді".Құжатта механизм екі шарт бір уақытта орындалғанда іске қосылатыны жазылған: Біріншіден, TTF дериватының бір айдағы есептелген бағасы екі апта ішінде бір МВт/сағ үшін 275 еуродан асады. Екіншіден, бұл көрсеткіш қатарынан он күндік сұйытылған табиғи газдың екі аптадағы базалық бағасынан жоғары.Бұл бір айға созылатын келісімшарт бойынша 1 000 текше метр газ үшін шамамен 3 000 доллар шектеуді білдіреді. Мұндай шешім өткір сынға ұшырады: шектеу жаздағы бағадан төмен болғанымен, қазіргі бағадан екі есеге жуық жоғары."Бұл қалжың шығар. Себебі, бұл шешім тамыздағы жағдай қайталанса да ешкімге пайда әкелмейді. Шектеу емес, сандырақ", - деді Брюссельдегі Bruegel аналитикалық орталығының аға ғылыми қызметкері Симона Тальяпетра.Тамызда Лондонның ICE биржасында баға белгілеулері "Солтүстік ағын" арқылы жеткізулер тоқтатылғаннан кейін бір МВт/сағ үшін 300 еуроға дейін көтерілді. Бірақ бұл баға бір апта ғана тұрақтады.Германиядағылар баға шарықтауы келіспеушіліктерді жеңілдету үшін жасалған саяси қадам екенін түсіндірді. Яғни, Брюссель бағаны реттеу талабына да, нарық жүйесіне араласпау туралы талаптарға қатысты әрекет етті."Дау ушығып барады. Бельгия, Грекия, Италия және Польша энергетика министрлерінің отырысында газ нарығына қатысты басқа шешімдерге тосқауыл қоямыз деп қорқытты", - деп жазады Die Welt.Бағаны өсіруге Еуроодақтағы кем дегенде 15 мемлекет, соның ішінде Испания мен Грекия қолдап отыр. Олар қыста тұтынушылар үшін бағаны төмендетіп, әлеуметтік толқуларды болдырмауды көздейді. Ал Германия, Нидерланды және Дания, керісінше, шектеулер газды тұтынудың өсуіне әкеледі де, трейдерлер қайта сатуға кіріседі деп есептейді.Тағы бір маңызды себеп бар: Ресейге газ тәуелділігі тым жоғары. Кәсіпорынар мен үй шаруашылықтарын энергия ресурстары бағасының өсуінен қорғап, бірақ, газдан айырылып қалмайтындай шара қабылдау керек."Шектеулерді оны қолдану ықтималдылығы төмен болатындай етіп қалыптастырды. Еурокомиссия саяси-идеологиялық ұстаным бойынша бұдан бас тарта алмады. Сондықтан, фантастикалық жағдайда ғана іскее қосылатын механизмді ойлап тапты", - дейді Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры бас директорының орынбасары Алексей Гривач."Шешімнің саяси сипаты айқын: Еуроодақ билігі АҚШ және Ресеймен қарым-қатынасты жалғастыруды түбегейлі жойып тастамауға тырысып жатыр. Екінші жағынан, бұл шарасыздықтың белгісі: Брюссельдегі шенеуніктер Ресейді санкциялар арқылы ығыстыру шешімінің тиімсіздігін анық түсінеді", - дейді тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов."Бір ай бұрын жасалған келісімшарт көптеген ұзақ мерзімді келісімдерде баға индикаторы ретінде қолданылады. Ал механизм іске қосылса, жеткізу тоқтап қалуы мүмкін", - дейді Алексей Гривач. Бірақ бұл таза теория, өйткені баға шегі тым жоғары.Еуропадағылар қалай болғанда да газды нарықтық бағамен сатып алуға тура келетінін түсініп отыр. Ал мұнайға қатысты талқылау әлі де жүріп жатыр. Bloomberg мәліметінше, олар барреліне 65-70 долларды қарастырып жатыр. Бірақ Ресей қазірдің өзінде жеңілдікпен сатып жатқандықтан, саудадағы мұндай шектеулердің әсері шамалы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/19/29730824_0:11:2669:2012_1920x0_80_0_0_edd60f3280189530b59323834be77cdd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ
Еуроодақ ресейлік ресуртарға арналған баға лимитін келісуге тырысып жатыр. Бір жағынан Мәскеуді табыссыз қалдыруды көздесе, екінші жағынан өздері энергия тасымалдағышсыз қалмауы керек. Әйтпесе, басқа елдерден үш есе қымбатқа сатып алуға тура келеді. Ақырында Еурокомиссияның шекті бағаны тым жоғары белгілеуіне біреу наразы болса, тағы басқаларының күлкісін тудырды, деп жазды
РИА Новости.Бағаны шектеу туралы Батыс елдерінің басшылары маусым айында G7 саммитінде келісті. Желтоқсаннан бастап мұнайға, ақпаннан бастап мұнай өнімдеріне лимит күшіне енеді. Газ бойынша шектеу әлі белгісіз.
Бірақ Еурокомиссия қазірдің өзінде Title Transfer Facility (TTF) виртуалды хабында бір МВт үшін ең жоғарғы баға 275 еуро болады деген болжам жасады.
"Бұл панацея емес, - деді энергетика жөніндегі еурокомиссар Кадри Симсо. - Бірақ бұл бізге қажет кезде пайдалана алатын қуатты құрал береді".
Құжатта механизм екі шарт бір уақытта орындалғанда іске қосылатыны жазылған: Біріншіден, TTF дериватының бір айдағы есептелген бағасы екі апта ішінде бір МВт/сағ үшін 275 еуродан асады. Екіншіден, бұл көрсеткіш қатарынан он күндік сұйытылған табиғи газдың екі аптадағы базалық бағасынан жоғары.
Бұл бір айға созылатын келісімшарт бойынша 1 000 текше метр газ үшін шамамен 3 000 доллар шектеуді білдіреді. Мұндай шешім өткір сынға ұшырады: шектеу жаздағы бағадан төмен болғанымен, қазіргі бағадан екі есеге жуық жоғары.
"Бұл қалжың шығар. Себебі, бұл шешім тамыздағы жағдай қайталанса да ешкімге пайда әкелмейді. Шектеу емес, сандырақ", - деді Брюссельдегі Bruegel аналитикалық орталығының аға ғылыми қызметкері Симона Тальяпетра.
Тамызда Лондонның ICE биржасында баға белгілеулері "Солтүстік ағын" арқылы жеткізулер тоқтатылғаннан кейін бір МВт/сағ үшін 300 еуроға дейін көтерілді. Бірақ бұл баға бір апта ғана тұрақтады.
Германиядағылар баға шарықтауы келіспеушіліктерді жеңілдету үшін жасалған саяси қадам екенін түсіндірді. Яғни, Брюссель бағаны реттеу талабына да, нарық жүйесіне араласпау туралы талаптарға қатысты әрекет етті.
"Дау ушығып барады. Бельгия, Грекия, Италия және Польша энергетика министрлерінің отырысында газ нарығына қатысты басқа шешімдерге тосқауыл қоямыз деп қорқытты", - деп жазады Die Welt.
Бағаны өсіруге Еуроодақтағы кем дегенде 15 мемлекет, соның ішінде Испания мен Грекия қолдап отыр. Олар қыста тұтынушылар үшін бағаны төмендетіп, әлеуметтік толқуларды болдырмауды көздейді. Ал Германия, Нидерланды және Дания, керісінше, шектеулер газды тұтынудың өсуіне әкеледі де, трейдерлер қайта сатуға кіріседі деп есептейді.
Тағы бір маңызды себеп бар: Ресейге газ тәуелділігі тым жоғары. Кәсіпорынар мен үй шаруашылықтарын энергия ресурстары бағасының өсуінен қорғап, бірақ, газдан айырылып қалмайтындай шара қабылдау керек.
"Шектеулерді оны қолдану ықтималдылығы төмен болатындай етіп қалыптастырды. Еурокомиссия саяси-идеологиялық ұстаным бойынша бұдан бас тарта алмады. Сондықтан, фантастикалық жағдайда ғана іскее қосылатын механизмді ойлап тапты", - дейді Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры бас директорының орынбасары Алексей Гривач.
"Шешімнің саяси сипаты айқын: Еуроодақ билігі АҚШ және Ресеймен қарым-қатынасты жалғастыруды түбегейлі жойып тастамауға тырысып жатыр. Екінші жағынан, бұл шарасыздықтың белгісі: Брюссельдегі шенеуніктер Ресейді санкциялар арқылы ығыстыру шешімінің тиімсіздігін анық түсінеді", - дейді тәуелсіз сарапшы Леонид Хазанов.
"Бір ай бұрын жасалған келісімшарт көптеген ұзақ мерзімді келісімдерде баға индикаторы ретінде қолданылады. Ал механизм іске қосылса, жеткізу тоқтап қалуы мүмкін", - дейді Алексей Гривач.
Бірақ бұл таза теория, өйткені баға шегі тым жоғары.
Еуропадағылар қалай болғанда да газды нарықтық бағамен сатып алуға тура келетінін түсініп отыр. Ал мұнайға қатысты талқылау әлі де жүріп жатыр. Bloomberg мәліметінше, олар барреліне 65-70 долларды қарастырып жатыр. Бірақ Ресей қазірдің өзінде жеңілдікпен сатып жатқандықтан, саудадағы мұндай шектеулердің әсері шамалы.