https://sputnik.kz/20221124/biyl-qazaqstanda-alayaqtyq-belgileri-bar-85-myn-internet-resurs-bugattalgan-29700755.html
Биыл Қазақстанда алаяқтық белгілері бар 8,5 мың интернет-ресурс бұғатталған
Биыл Қазақстанда алаяқтық белгілері бар 8,5 мың интернет-ресурс бұғатталған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда алаяқтық белгілері бар 8,5 мың интернет-ресурс бұғатталған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T16:17+0500
2022-11-24T16:17+0500
2022-11-24T16:17+0500
алаяқтық
интернет
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_38:0:1962:1082_1920x0_80_0_0_c9c61ea27951c14388f6494b0f2ab702.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда алаяқтық белгілері бар 8,5 мың интернет-ресурс бұғатталған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол жаңа қаржы өнімдерінің тізімі жыл сайын артып, ал оған қолжетімділік "жасарып" бара жатқанын атап өтті. Мәселен, елімізде балалар 10 жастан бастап банк карталарын пайдалана алады. Осыған байланысты агенттік қаржы пирамидасын құру және басқару сияқты алаяқтық түрлеріне қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдірген. Айтуынша, жоғары білімі бар, жұмыс істейтін адамдардың өзі алаяқтардың арбауына түсіп жатады. Агенттік өкілі мұны халықтың қаржылық қауіпсіздіктің қарапайым негіздерін білмеуімен байланыстырды. Сондықтан қаржылық сауаттылықты мектеп жасынан оқыту қажет, дейді ол. Агенттік қызметкерлері биыл мектептер мен университтерде алғаш рет "Қаржылық қауіпсіздік" туралы сабақ өткізген. Онда алаяқтардың схемалары, интернет-сатылым, банк карталарымен байланысты алаяқтық, қаржы пирамидалары және лудомания проблемалары жайлы сөз қозғалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16374061_278:0:1721:1082_1920x0_80_0_0_37cd5809eaf8c6a5c664a41d8ed3552a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық, интернет
Биыл Қазақстанда алаяқтық белгілері бар 8,5 мың интернет-ресурс бұғатталған
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстанда алаяқтық белгілері бар 8,5 мың интернет-ресурс бұғатталған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі кадр жұмысы департаментінің директоры Нұрлан Адалиев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол жаңа қаржы өнімдерінің тізімі жыл сайын артып, ал оған қолжетімділік "жасарып" бара жатқанын атап өтті. Мәселен, елімізде балалар 10 жастан бастап банк карталарын пайдалана алады. Осыған байланысты агенттік қаржы пирамидасын құру және басқару сияқты алаяқтық түрлеріне қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдірген.
"Салымшылардың қаражатын жаппай осындай схемаларға тарту тәуекелдерін жою үшін сайттар мен әлеуметтік желі аккаунттары бұғатталады. Тек осы жылдың өзінде 8,5 мыңға тарта интернет-ресурс бұғатталды", - деді Адалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, жоғары білімі бар, жұмыс істейтін адамдардың өзі алаяқтардың арбауына түсіп жатады. Агенттік өкілі мұны халықтың қаржылық қауіпсіздіктің қарапайым негіздерін білмеуімен байланыстырды. Сондықтан қаржылық сауаттылықты мектеп жасынан оқыту қажет, дейді ол.
Агенттік қызметкерлері биыл мектептер мен университтерде алғаш рет "Қаржылық қауіпсіздік" туралы сабақ өткізген. Онда алаяқтардың схемалары, интернет-сатылым, банк карталарымен байланысты алаяқтық, қаржы пирамидалары және лудомания проблемалары жайлы сөз қозғалды.