https://sputnik.kz/20221124/bas-ekonomist-zeynetaqy-zhinagyn-paydalanu-shegin-tomendetuge-qatysty-oyyn-aytty-29693050.html
Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуге қатысты ойын айтты
Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуге қатысты ойын айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T12:32+0500
2022-11-24T12:32+0500
2022-11-24T12:33+0500
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25431588_0:0:2999:1687_1920x0_80_0_0_072b780074d856182fa88f516759fa88.jpg
АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мәжілістің кешегі отырысында бір топ депутат зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін жеткілікті шекті төмендетуді ұсынды. Төменгі палата өкілдері қазақстандықтарға инфляциядан асатын инвестициялық табыстың бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін беру қажет деп есептейді.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жеткілікті шекті төмендету тиімсіз деп санайды."Мен зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шегін төмендетуге қарсымын. Жалпы, бұл мәселе қазір күн тәртібінде жоқ, талқыланбайды. Жеткілікті шекті төмендетсек, болашақ зейнеткерлерге әлеуметтік тәуекелдерді әкеледі. Себебі ай сайынғы төлемдер өмір сүруге жетпейді", - деді Қуантыров сенат отырысынан кейінгі брифингте.Айта кетері, биыл 1 сәуірден бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі күрт өсті. Егер былтыр 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылы ол 5 060 000 теңгені құрап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/09/25431588_309:0:2558:1687_1920x0_80_0_0_7ae137b4e9f268476a5c277abb6960f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуге қатысты ойын айтты
12:32 24.11.2022 (жаңартылды: 12:33 24.11.2022) АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров зейнетақы жинағын пайдалану шегін төмендетуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжілістің кешегі отырысында бір топ депутат зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік беретін жеткілікті шекті төмендетуді ұсынды. Төменгі палата өкілдері қазақстандықтарға инфляциядан асатын инвестициялық табыстың
бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін беру қажет деп есептейді.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жеткілікті шекті төмендету тиімсіз деп санайды.
"Мен зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шегін төмендетуге қарсымын. Жалпы, бұл мәселе қазір күн тәртібінде жоқ, талқыланбайды. Жеткілікті шекті төмендетсек, болашақ зейнеткерлерге әлеуметтік тәуекелдерді әкеледі. Себебі ай сайынғы төлемдер өмір сүруге жетпейді", - деді Қуантыров сенат отырысынан кейінгі брифингте.
Айта кетері, биыл 1 сәуірден бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі күрт өсті. Егер былтыр 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылы ол 5 060 000 теңгені құрап отыр.