Астанадағы Көктал тұрғын алабы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

© Sputnik / Владислав ВодневКлавиатура
Клавиатура  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Астананың Көктал 2 шағын ауданындағы алғашқы абоненттер интернетке қосылды.
Тұрғындарға талшықты-оптикалық байланыс желілерінің көмегімен жоғары жылдамдықты интернет және цифрлық теледидар қызметтері ұсынылады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Заманауи GPON технологиясы жарықтандыру бағаналары мен электр желілері арқылы өтеді. Көктал тұрғын алабындағы Баршын, Құланотпес, Саумалкөл, Айдарлы, Ақмола, Ұлытау және т.б. көшелеріндегі 200 үй шаруашылығы қосылуға дайын.
GPON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясының басты артықшылығы-қосылымның жоғары жылдамдығы және бірнеше сандық қызметтерді бір сызықта артық сымдарсыз бірден қосу мүмкіндігі.
GPON технологиясы абоненттің үйіне оптикалық кабельді тартуға, үлкен өткізу қабілеттілігін және бірден бірнеше қызметті қосуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0