https://sputnik.kz/20221124/astanada-32-zhastagy-kelinshektin-mayiti-tabyldy-29679084.html
Астанада 32 жастағы келіншектің мәйіті табылды
Астанада 32 жастағы келіншектің мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Астанада 32 жастағы келіншектің мәйіті өз пәтерінен табылды. Бұған қатысты "өз-өзін өлтіру" бабымен іс қозғалған. Бірақ марқұмның... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T07:28+0500
2022-11-24T07:28+0500
2022-11-24T07:28+0500
астана
мәйіт
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_d5a68cacaf1c3baa4848f29807f09fbb.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Астанада 32 жастағы келіншектің мәйіті өз пәтерінен табылды. Бұған қатысты "өз-өзін өлтіру" бабымен іс қозғалған. Бірақ марқұмның туыстары онымен келіспейді.Марқұм Асыл Тәпенова – Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы. Соңғы жылдары Астанада жұмыс істеп жүрген. Келіншек қайтыс болар алдында бірнеше күн ауылдағы анасына хабарласпай кетіпті. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады."Телефонға жауап бермеген соң, сол жақта тұратын апаға көріп қайтшы деп өтінген. Үйіне барған апамызға көршілері қай күні айқай шыққанын айтып берген, "шыңғырғандай дауыс шықты, біз бармадық" депті. Содан көршілері бұзып кірсе, қансырап өліп жатыр екен", - дейді марқұмның ағасы Әділхан Маханов.Ол Асылдың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді.Асыл Тәпенованың көршілері мұнда жас келіншек жалғыз өзі тұрғанын айтады. Мәйітке жасалған сараптамадан соң суицид деп қорытынды шығарылған. Бірақ, туыстары мұнымен келіспейді. Асыл адам қолынан қаза тапқан болуы мүмкін дейді."Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді Астана қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Нұрәлі Тәңірбергенов.Марқұмның туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде. Себебі адам өзін айуандықпен өлтіруі мүмкін емес дейді. Ал 32 жасында қайтыс болған Асыл Тәпенованың артында 10 жасар қызы мен 57 жастағы анасы қалған.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/11/18684517_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_9447b910fc1cd5ede9408685f0b50efd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мәйіт
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Астанада 32 жастағы келіншектің мәйіті өз пәтерінен табылды. Бұған қатысты "өз-өзін өлтіру" бабымен іс қозғалған. Бірақ марқұмның туыстары онымен келіспейді.
Марқұм Асыл Тәпенова – Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы. Соңғы жылдары Астанада жұмыс істеп жүрген. Келіншек қайтыс болар алдында бірнеше күн ауылдағы анасына хабарласпай кетіпті. Бұл туралы "
Астана" арнасы хабарлады.
"Телефонға жауап бермеген соң, сол жақта тұратын апаға көріп қайтшы деп өтінген. Үйіне барған апамызға көршілері қай күні айқай шыққанын айтып берген, "шыңғырғандай дауыс шықты, біз бармадық" депті. Содан көршілері бұзып кірсе, қансырап өліп жатыр екен", - дейді марқұмның ағасы Әділхан Маханов.
Ол Асылдың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді.
"Әбден қинап өлтірген. Енді адам өзіне өйтіп істемейді ғой. Адамның қолынан қаза тауып отыр. Кім болса да, жазасын алсын", - дейді Әділхан.
Асыл Тәпенованың көршілері мұнда жас келіншек жалғыз өзі тұрғанын айтады. Мәйітке жасалған сараптамадан соң суицид деп қорытынды шығарылған. Бірақ, туыстары мұнымен келіспейді. Асыл адам қолынан қаза тапқан болуы мүмкін дейді.
"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады", - деп түсіндірді Астана қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Нұрәлі Тәңірбергенов.
Марқұмның туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етуде. Себебі адам өзін айуандықпен өлтіруі мүмкін емес дейді. Ал 32 жасында қайтыс болған Асыл Тәпенованың артында 10 жасар қызы мен 57 жастағы анасы қалған.