Антикор "Интерполдың генерал-майорын" ұстады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция кезінде екі алаяқты ұстады. Біреуінде Интерполдың генерал-майор куәлігі болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми ақпаратқа сәйкес, алаяқтар өздерін мемлекеттік орган басшыларының сенімді адамдары ретінде таныстырып, сан алуан мәселелерді шеше аламыз деп айтқан. Сол үшін пара беруге итермелеген. Барлық ақшаны қалтасына басқан.
"Топ мүшелерінің бірі – Б.Қ. Әбдікерімов сот санкциясымен қамауға алынды. Екінші күдікті М.Ж. Тұрановтан "Халықаралық полиция орталығы" ("Interpol Center UN") генерал-майорының куәлігі тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
Тергеу басталды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
0