https://sputnik.kz/20221124/alys-zhol-zhurgizushiler-sapar-mobildi-qosymshasy-29692387.html
Алыс жолға шығатын жүргізушілер үшін "Sapar" мобильді қосымшасы әзірленді
Алыс жолға шығатын жүргізушілер үшін "Sapar" мобильді қосымшасы әзірленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Автожолдардың ұлттық операторы – "ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық тас жолдарға шығатын азаматтар үшін "Sapar" мобильді... 24.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-24T12:56+0500
2022-11-24T12:56+0500
2022-11-24T12:56+0500
қоғам
мобильдік қосымша
жол
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/18/29692469_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a6c3df8c45debff8f2306a8845ba22cf.jpg
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Автожолдардың ұлттық операторы – "ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық тас жолдарға шығатын азаматтар үшін "Sapar" мобильді қосымшасын әзірледі.Мобильді қосымшада онлайн және офлайн режимде навигациямен маршрут құру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, онда автожолдардың қазіргі жай-күйі (трассалардың жабық не ашық екені, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары), ауа райы, ақылы жолдар бойынша ақы төлеу үшін балансты толтыру туралы бөлімдер жұмыс істейді.Бұдан бөлек, мобильді қосымшада республикалық тас жолдардың бойында орналасқан сервис нысандары жайлы барлық өзекті ақпарат жиналған. Қолданушылар жол бойындағы сервис нысандары көрсеткен қызметтің сапасына баға бере алады.Сондай-ақ жолдағы қауіпсіздікті арттыру және жүргізушілермен кері байланысты жақсарту үшін 1403 (онлайн чат та бар) және 112 нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың call-орталығы іске қосылған.Бүгінгі таңда мобильді қосымшаны PlayMarket-тен жүктеуге болады. Жақын арада ол AppStore-да да пайда болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/18/29692469_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_5d60873edaa38f699245914b884440c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мобильдік қосымша, жол
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Автожолдардың ұлттық операторы – "ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық тас жолдарға шығатын азаматтар үшін "Sapar" мобильді қосымшасын әзірледі.
Мобильді қосымшада онлайн және офлайн режимде навигациямен маршрут құру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, онда автожолдардың қазіргі жай-күйі (трассалардың жабық не ашық екені, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары), ауа райы, ақылы жолдар бойынша ақы төлеу үшін балансты толтыру туралы бөлімдер жұмыс істейді.
Бұдан бөлек, мобильді қосымшада республикалық тас жолдардың бойында орналасқан сервис нысандары жайлы барлық өзекті ақпарат жиналған. Қолданушылар жол бойындағы сервис нысандары көрсеткен қызметтің сапасына баға бере алады.
Сондай-ақ жолдағы қауіпсіздікті арттыру және жүргізушілермен кері байланысты жақсарту үшін 1403 (онлайн чат та бар) және 112 нөмірі бойынша ҚазАвтоЖолдың call-орталығы іске қосылған.
Бүгінгі таңда мобильді қосымшаны PlayMarket-тен жүктеуге болады. Жақын арада ол AppStore-да да пайда болады.