ҰҚШҰ тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуге көмектесе алады - Зась

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаГенеральный секретарь ОДКБ Станислав Зась
Генеральный секретарь ОДКБ Станислав Зась - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Тәжікстан мен Қырғызстан қажет деп тапса, тәжік-қырғыз шекарасындағы жағдайды қалыпқа келтіру үшін ұйымның ресурсы жеткілікті екенін айтты, деп жазды РИА Новости.
"Орталық Азия аймағында біз тәжік-қырғыз шекарасындағы қарым-қатынасты одан әрі қалыпқа келтіруге ерекше мән береміз. Екі мемлекетке бұл жағдайды реттеуге көмектесу үшін қажетті ресурстар мен тәжірибе ҰҚШҰ-да бар", - деді Зась Еревандағы ҰҚШҰ жарғылық органдарының отырысы барысында.
Оның айтуынша, Тәжікстан мен Қырғызстан қажет деп тапса, ҰҚШҰ көмек көрсете алады.
Айта кету керек, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы белгіленбеген аумақтар жиі қақтығыс аймағына айналды. Соңғы рет екі елдің шекарасындағы жағдай 14-16 қыркүйекте ушығып кеткен. Ол кезде екі жақтағы қақтығыс салдарынан 100-ден астам адам қаза тауып, 400-ге жуық адам жараланды.
Сонымен қатар, Станислав Зась ҰҚШҰ елдері жалпы Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шаралар туралы шешімнің жобасын келіскенін айтты.
"Кавказ аймағында Армения мен басқа да тараптардың бейбіт келісімдерге қол жеткізу, шекараларды заңдастыру және көлік коммуникацияларын бұғаттаудан шығару бойынша талпыныстары оң рөл атқарады", - деді Бас хатшы.
Ол Армения мен Әзербайжан шекарасында шиеленістің сақталып отырғанын, Бірлескен әрекет ету орталығына түскен ақпаратқа сәйкес, екі ел шекарасында күн сайын қақтығыс болып жатқанын атап өтті.
"Осы жылдың мамыр, қыркүйек және қазан айларында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс үш отырысы осы жағдайға байланысты Армения Республикасына қатысты туындайтын қауіптерді талқылауға арналды", - деді ол.
ҰҚШҰ Жарғылық отырысында Бас хатшы НАТО-ның Украинаны қолдауы қақтығыстың кеңеюіне алып келетінін мәлімдеді.
"Шығыс Еуропа аймағында НАТО-ға мүше мемлекеттер әскери контингент құрып, әскери инфрақұрылымды жақсартып жатыр және ҰҚШҰ жауапкершілік аймағының батыс шекараларына жақындап жатыр. Бұл біздің ұйымды қоса алғанда қосымша қиындықтар туғызады. Солтүстік Атлантикалық альянс пен басқа мемлекеттердің Украинаға жаппай қолдау көрсетуі қақтығыстың кеңею қаупіне әкеледі", - деді ол.
Жаңалықтар
0