Саясат

Тоқаев пен Путин ҰҚШҰ саммитіне дейін сөйлесті

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Қазақстан президенті лауазымына қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесті, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл сайлаудан кейінгі көшбасшылардың алғашқы жолығуы. Олар ҰҚШҰ саммитінде суретке түсу рәсімінен кейін сөйлесті.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Ереванда өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуда.
Сессия барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен сессияаралық кезеңдегі ҰҚШҰ қызметінің негізгі нәтижелері талқыланады. ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру және Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылау маңызды мәселелердің бірі болмақ.
Отырыс барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданады деген жоспар бар.
Имангали Тасмагамбетов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы қызметін атқарады - Пашинян
Жаңалықтар
0