https://sputnik.kz/20221123/tarazda-qazfosfat-zauytynyn-zhumysshylary-29658831.html
Таразда "Қазфосфат" зауытында шу шықты - оқиғаға не себеп болды
Таразда "Қазфосфат" зауытында шу шықты - оқиғаға не себеп болды
Sputnik Қазақстан
Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында тұр 23.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-23T15:19+0500
2022-11-23T15:19+0500
2022-11-23T15:59+0500
өңірлер
тараз
зауыт
наразылық
https://sputnik.kz/img/221/44/2214400_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_1de71d3afc839c238fed6f3d069a6746.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. "Қазфосфат" ЖШС Жамбыл филиалы қызметкерлері арасында түсінбеушілік туындап, 200-ге жуық адам наразылық білдіруге шықты. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді."Қазфосфат" ЖШС-ға қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік туындаған. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы жұмысшылармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді", - деп жазылған еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, мекемедегілер басқарма басшысы әріптестерінен кешірім сұрағанын және өз еркімен жұмыстан босатылғанын хабарлады. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бұүгін сағат 11:40 шамасында наразылық білдіру үшін жиналған жұмысшылар саны 200-ге жуықтаған. Қазіргі таңда зауыттағы ахуал тұрақты. Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында тұр.
тараз
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/221/44/2214400_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_88e5f2168eae1a26dcf742868b294ffa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тараз, зауыт, наразылық
Таразда "Қазфосфат" зауытында шу шықты - оқиғаға не себеп болды
15:19 23.11.2022 (жаңартылды: 15:59 23.11.2022) Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында тұр
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. "Қазфосфат" ЖШС Жамбыл филиалы қызметкерлері арасында түсінбеушілік туындап, 200-ге жуық адам наразылық білдіруге шықты. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді.
"Қазфосфат" ЖШС-ға қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік туындаған. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы жұмысшылармен кездесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді", - деп жазылған еңбек инспекциясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, мекемедегілер басқарма басшысы әріптестерінен кешірім сұрағанын және өз еркімен жұмыстан босатылғанын хабарлады.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, бұүгін сағат 11:40 шамасында наразылық білдіру үшін жиналған жұмысшылар саны 200-ге жуықтаған.
Қазіргі таңда зауыттағы ахуал тұрақты. Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында тұр.