Сирия бойынша комитеттің тоғызыншы отырысы қаңтарда өтуі мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевСирия бойынша келіссөз
Сирия бойынша келіссөз - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Ресей Сирия конституциялық комитетінің тоғызыншы сессиясы 2023 жылдың қаңтар айының ортасында өтеді деп үміттенеді. Бұл туралы Астана форматындағы Сирия бойынша 19-шы халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында РФ президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеді.
Ол Женеваның орнына сессия өтетін жаңа қала белгіленуі мүмкін екенін атап өтті.
"Біз барлығымыз тоғызыншы сессияны мүмкіндігінше тезірек өткізуді қолдаймыз. Сондықтан сессия қаңтардың ортасында ұйымдастырылады деп үміттенеміз. Біз бірлесіп күш салу арқылы бірқатар мәселелерді, соның ішінде шара Женевада өте ме, әлде басқа орын белгілене ме деген секілді мәселелердің шешімін таба аламыз деген ойдамыз", - деді Лаврентьев.
Бұған дейін Швейцария бейтарап мемлекет мәртебесін жоғалтқандықтан, сессияны Женевада өткізу мүмкін болмайтыны хабарланған болатын.
Сирия бойынша келіссөз - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Саясат
Сирия бойынша келесі келіссөз 2023 жылдың бірінші жартысында Астанада өтеді
Жаңалықтар
0