https://sputnik.kz/20221123/sarapshylar-resey-men-ortalyq-aziya-29676701.html
Сарапшылар Ресей мен Орталық Азия ынтымақтастығы туралы айтты
Сарапшылар Ресей мен Орталық Азия ынтымақтастығы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Халықаралық және қазақстандық сарапшылар Орталық Азия мен Ресей арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады 23.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-23T19:56+0500
2022-11-23T19:56+0500
2022-11-23T22:56+0500
ресей
орталық азия
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/17/29659312_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_ca2d010793874d9ba7caff3a8cf5b2c0.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Астана халықаралық университетінің "Еуразиялық мониторинг" қазақстандық Аналитикалық зерттеулер орталығының алаңында "Орталық Азия + Ресей: ортақ болашақты құрудағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" атты форсайт-сессия өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Аралас форматта өткен басқосуда Қазақстан мен Орталық Азияның сарапшылары Орталық Азия елдері, атап айтқанда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты талқылады. Ақпарат саласында жағымсыз ұстаным жоқ Орталық Азия азаматтарының арасында Ресей Федерациясы жағымсыз ұстанымдар тудырмайды, дейді тарих ғылымдарының кандидаты, Астана халықаралық университетінің профессоры Таисия Мармонтова. Қазан-қараша айлары аралығындағы ақпараттық кеңістікті талдаған зерттеуші аймақ елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынас тақырыбына қызығушылықтың "шарықтау шегін" анықтады. Мармонтованың айтуынша, олардың біріншісі ішінара мобилизациялау және мигранттар ағынының күшеюімен байланысты болды. Екіншісі арнайы әскери операция аймағындағы төрт облыстың қосылу процесіне қатысты реакция болды. Қызығушылық "шегінің" үшіншісі қазан айының ортасынан бастап экономикалық жағдайға байланысты, яғни мұнда көші-қон экономикаға қалай әсер ететініне қатысты болды, деп атап өтті профессор. "Тағы бір үлкен "шек" – бұл Астанада өткен саммиттер. Оқырмандар мен әлеуметтік желі пайдаланушыларының пікірлерін оқып, Орталық Азия азаматтарының арасында Ресей Федерациясы жағымсыз эмоциялар тудырмайды деген қорытындыға келуге болады", - деді Мармонтова. Сарапшылар көрші елдің бейтарап-оң үлгісі қалыптасуы ресейлік БАҚ-тың, соның ішінде Sputnik Қазақстан агенттігінің республикадағы жүйелі жұмысының нәтижесі екенін атап өтті. Санкциялар жағдайындағы экономика және логистика Бүгінгі таңда аймақ елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардағы экономикалық және логистикалық сала мәселелері санкциялар енгізілгеннен кейін аса өзекті болып отыр, деп атап өтті сарапшылар. "Өзекті мәселелердің бірі – Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін логистиканы қайта қарау. Себебі, Ресей Федерациясы логистикалық тізбектің аймақтық орталығы болғанын ескеру керек", - деді Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының сарапшысы Ернар Күшалиев. Қазақстандағы Ресей елшілігінің бірінші хатшысы Иван Алексеев Қазақстан астанасында өткен "Орталық Азия – Ресей" саммитінде бірқатар перспективалық бағдарламалар қабылданғанын атап өтті. "Бұл жоспарларды жүзеге асыру мемлекеттік ведомстволар мен басқа да мемлекеттік органдардың үлкен, тынымсыз жұмысын талап етеді. Менің ойымша, бұл жерде үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы қатысуынсыз жұмыс істей алмаймыз", - деді Алексеев. Ұйымдастырушылар форсайт-сессияның нәтижелерін мақала түрінде "Ресей және әлем: ғылыми диалог" КДҰЗИ ғылыми журналында жариялауды жоспарлап отыр. "Орталық Азия Ресейдің тұрақты болуына мүдделі аймақ. Біз географиялық тұрғыдан көршілес орналасқандықтан, тарихымыз ортақ, тағдырымыз ортақ. Қазақстанды алатын болсақ, Солтүстік-Шығыс Қазақстанның жеті облысы мен Ресей Федерациясының он екі әкімшілік өңірі өзара шекаралас. Бұл біздің аймақтық әрі экономикалық тұрғыдан да тығыз байланыста екенімізді көрсетеді", - деді Астана халықаралық университетінің вице-президенті Қайрат Әбдірахманов. 14 қазанда Қазақстанның астанасында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей президенттері қатысқан тұңғыш "Орталық Азия – Ресей" саммиті өтті. Бұл саммит Ресей Федерациясы мен аймақ мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
ресей
орталық азия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/17/29659312_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_ad570b30afe2624c015929ae0c3ca3e5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, орталық азия
Сарапшылар Ресей мен Орталық Азия ынтымақтастығы туралы айтты
19:56 23.11.2022 (жаңартылды: 22:56 23.11.2022) Халықаралық және қазақстандық сарапшылар Орталық Азия мен Ресей арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Астана халықаралық университетінің "Еуразиялық мониторинг" қазақстандық Аналитикалық зерттеулер орталығының алаңында "Орталық Азия + Ресей: ортақ болашақты құрудағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері" атты форсайт-сессия өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Аралас форматта өткен басқосуда Қазақстан мен Орталық Азияның сарапшылары Орталық Азия елдері, атап айтқанда Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты талқылады.
Ақпарат саласында жағымсыз ұстаным жоқ
Орталық Азия азаматтарының арасында Ресей Федерациясы жағымсыз ұстанымдар тудырмайды, дейді тарих ғылымдарының кандидаты, Астана халықаралық университетінің профессоры Таисия Мармонтова.
Қазан-қараша айлары аралығындағы ақпараттық кеңістікті талдаған зерттеуші аймақ елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынас тақырыбына қызығушылықтың "шарықтау шегін" анықтады.
Мармонтованың айтуынша, олардың біріншісі ішінара мобилизациялау және мигранттар ағынының күшеюімен байланысты болды. Екіншісі арнайы әскери операция аймағындағы төрт облыстың қосылу процесіне қатысты реакция болды.
Қызығушылық "шегінің" үшіншісі қазан айының ортасынан бастап экономикалық жағдайға байланысты, яғни мұнда көші-қон экономикаға қалай әсер ететініне қатысты болды, деп атап өтті профессор.
"Тағы бір үлкен "шек" – бұл Астанада өткен саммиттер. Оқырмандар мен әлеуметтік желі пайдаланушыларының пікірлерін оқып, Орталық Азия азаматтарының арасында Ресей Федерациясы жағымсыз эмоциялар тудырмайды деген қорытындыға келуге болады", - деді Мармонтова.
Сарапшылар көрші елдің бейтарап-оң үлгісі қалыптасуы ресейлік БАҚ-тың, соның ішінде Sputnik Қазақстан агенттігінің республикадағы жүйелі жұмысының нәтижесі екенін атап өтті.
Санкциялар жағдайындағы экономика және логистика
Бүгінгі таңда аймақ елдері мен Ресей арасындағы қарым-қатынастардағы экономикалық және логистикалық сала мәселелері санкциялар енгізілгеннен кейін аса өзекті болып отыр, деп атап өтті сарапшылар.
"Өзекті мәселелердің бірі – Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін логистиканы қайта қарау. Себебі, Ресей Федерациясы логистикалық тізбектің аймақтық орталығы болғанын ескеру керек", - деді Қоғамдық процестерді зерттеу орталығының сарапшысы Ернар Күшалиев.
Қазақстандағы Ресей елшілігінің бірінші хатшысы Иван Алексеев Қазақстан астанасында өткен "Орталық Азия – Ресей" саммитінде бірқатар перспективалық бағдарламалар қабылданғанын атап өтті.
"Бұл жоспарларды жүзеге асыру мемлекеттік ведомстволар мен басқа да мемлекеттік органдардың үлкен, тынымсыз жұмысын талап етеді. Менің ойымша, бұл жерде үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы қатысуынсыз жұмыс істей алмаймыз", - деді Алексеев.
Ұйымдастырушылар форсайт-сессияның нәтижелерін мақала түрінде "Ресей және әлем: ғылыми диалог" КДҰЗИ ғылыми журналында жариялауды жоспарлап отыр.
"Орталық Азия Ресейдің тұрақты болуына мүдделі аймақ. Біз географиялық тұрғыдан көршілес орналасқандықтан, тарихымыз ортақ, тағдырымыз ортақ. Қазақстанды алатын болсақ, Солтүстік-Шығыс Қазақстанның жеті облысы мен Ресей Федерациясының он екі әкімшілік өңірі өзара шекаралас. Бұл біздің аймақтық әрі экономикалық тұрғыдан да тығыз байланыста екенімізді көрсетеді", - деді Астана халықаралық университетінің вице-президенті Қайрат Әбдірахманов.
14 қазанда Қазақстанның астанасында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Ресей президенттері қатысқан тұңғыш "Орталық Азия – Ресей" саммиті өтті.
Бұл саммит Ресей Федерациясы мен аймақ мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.