Қоғам

Қарағанды мен Теміртау халқы 222 млн теңгеге алданды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған келіншек сотталды. Ол Теміртаумен қоса, екі қаланың тұрғындарын 222 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы жеке кәсіпкер Гүлзат Серікқызы Нарымбетова жарнамалық қызметтер үшін кеңсе жалдаған. Бірақ, шын мәнінде, кәсіпкерлік қызметпен айналыспады.
Ол барлығына тауарлардың бар екенін, тіпті, мемлекеттік сатып алуға қатысамын деп, адамдардан ақша жинап жүрген.
"Осылайша, Нарымбетова 2020 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы қаңтарға дейінгі кезеңде қаржы схемасын құрды. Оған тартылған ақша кіріс әкелетін активтерге салынған жоқ. Ол жаңа ақша салған адамдардан жиналған 200 000 теңгеден 25 000 000 теңгеге дейінгі сомадағы ақшаның есебінен салым сомасының 10% - дан 40% - на дейінгі мөлшерде төленетінін айтқан", - дейді агенттік мамандары.
Сот үкімімен Гүлзат Нарымбетова 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оған желілік маркетингпен және азаматтардың ақшалай қаражатын тартумен байланысты кәсіпкерлік және қаржылық қызметпен айналысуға 5 жылға тыйым салынды.
Жалпы, осы қылмыстық келген залалдың сомасы 222 млн теңгеден асты. Нарымбетова 131 млн теңгені өз еркімен өтеді.
Жаңалықтар
0