Саясат

Путин Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҰҚШҰ саммиті
ҰҚШҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. ҰҚШҰ саммитінде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.
"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сайлаудағы сенімді жеңіспен тағы да құттықтаймын. Саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірді жақсартуға бағытталған ауқымды жоспарларды жүзеге асыруда табыс тілеймін", - деді Путин.
Еске салсақ, мемлекет басшысы Ереванда өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуда.
Сессия барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен сессияаралық кезеңдегі ҰҚШҰ қызметінің негізгі нәтижелері талқыланады. ҰҚШҰ дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру және Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шараларды талқылау маңызды мәселелердің бірі болмақ.
Жаңалықтар
0