https://sputnik.kz/20221123/prezident-saylauy-adiletti-otti-dep-sanaymyn--qoshanov-29649132.html
Президент сайлауы әділетті өтті деп санаймын – Қошанов
Президент сайлауы әділетті өтті деп санаймын – Қошанов
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауының ерекшілігін атады, деп хабарлайды Sputnik... 23.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-23T13:11+0500
2022-11-23T13:11+0500
2022-11-23T13:11+0500
ерлан қошанов
сайлау
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24029315_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_30c1aa0022bae32c23c448c5e2eee884.jpg
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауының ерекшілігін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ол биыл әлем де, Қазақстан да бірқатар сынақпен бетпе-бет келгенін атап өтті. "Осының барлығына біздің қоғамымыз, мемлекетіміз тойтарыс беріп, өзінің мықты екенін көрсетті. Ел ыдырап кетпей, керісінше бірікті, бір көшбасшыны таңдады. Біздің мемлекетте елді басқарып, мемлекетті алға қарай жетелейтін, халық сенетін азаматтың бар екенін көрсетті. Күлтегіннің "ері еліне сенген, елі еріне сенген заман" деген сөз бар ғой. Сондай заманға біз келдік деп ойлаймын", - деді Қошанов. Еске салсақ, Халықтық коалиция атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз даусын жинады. Ол үшін 6 456 392 адам дауыс берген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24029315_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_8911ee205fb64ba0c48bdf913fbb3ef3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қошанов, сайлау
Президент сайлауы әділетті өтті деп санаймын – Қошанов
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауының ерекшілігін атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Президент сайлауы әділетті өтті деп есептеймін. Мен ғана емес, байқаушылар да, халық та солай санайды. Ерекшелігін өздеріңіз байқап отырсыздар, бүгінгідей алмағайып заманда бұл сайлау ұлтты ұйыстырған, елді біріктірген сайлау болды. Бұл сайлаудың ең негізгі ерекшелігі", - деді Қошанов мәжіліс кулуарында.
Ол биыл әлем де, Қазақстан да бірқатар сынақпен бетпе-бет келгенін атап өтті.
"Осының барлығына біздің қоғамымыз, мемлекетіміз тойтарыс беріп, өзінің мықты екенін көрсетті. Ел ыдырап кетпей, керісінше бірікті, бір көшбасшыны таңдады. Біздің мемлекетте елді басқарып, мемлекетті алға қарай жетелейтін, халық сенетін азаматтың бар екенін көрсетті. Күлтегіннің "ері еліне сенген, елі еріне сенген заман" деген сөз бар ғой. Сондай заманға біз келдік деп ойлаймын", - деді Қошанов.
Еске салсақ, Халықтық коалиция атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз даусын жинады. Ол үшін 6 456 392 адам дауыс берген.