https://sputnik.kz/20221123/ozbekstanga-aparatyn-qaplanbek-otkizu-beketi-zhabylady--komitet-29653835.html
Өзбекстанға апаратын "Қапланбек" өткізу бекеті жабылады – комитет
Өзбекстанға апаратын "Қапланбек" өткізу бекеті жабылады – комитет
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан "Қапланбек" өткізу бекеті жабылады. Нысанда күрделі жөндеу... 23.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-23T13:57+0500
2022-11-23T13:57+0500
2022-11-23T13:57+0500
өзбекстан
шекара
https://sputnik.kz/img/07e5/06/04/17249761_0:228:2829:1819_1920x0_80_0_0_73d71a4240d25396813b91f143c65b19.jpg
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан "Қапланбек" өткізу бекеті жабылады. Нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа құрал-жабдықтар орнатылады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгінде шекарадағы 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу бекетінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі - "Қапланбек" бекеті. Әрбіреуіне, шамамен, 15 млрд теңге жұмсалады. Жартысы құрал-жабдықтарға, қалғаны құрылыс жұмыстарына кетеді. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямовтың айтуынша, бір өткізу бекетін толығымен жаңғыртуға 19 ай кетеді. Барлық жұмыстар 2024 жылда аяқталады деген жоспар бар. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін шекарадағы өткізу бекетінен өту үшін көлік жүргізуші бәріне кіріп шығуға міндетті. Алдымен шекарадағы бақылаудан өтеді. Одан кейін кедендік тексеріс бар. Барлығына кіріп, белгі қойдырту қажет. Ал бекетті толығымен жаңартқаннан кейін көлік тексерістен тоқтамай өтеді. Көлік жүргізушісі кабинадан шықпайды.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/04/17249761_48:0:2779:2048_1920x0_80_0_0_a2417de32fa0573f0c2cffcbfaadda27.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, шекара
Өзбекстанға апаратын "Қапланбек" өткізу бекеті жабылады – комитет
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан "Қапланбек" өткізу бекеті жабылады. Нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, жаңа құрал-жабдықтар орнатылады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Бүгінде шекарадағы 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу бекетінде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның бірі - "Қапланбек" бекеті. Әрбіреуіне, шамамен, 15 млрд теңге жұмсалады. Жартысы құрал-жабдықтарға, қалғаны құрылыс жұмыстарына кетеді.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямовтың айтуынша, бір өткізу бекетін толығымен жаңғыртуға 19 ай кетеді. Барлық жұмыстар 2024 жылда аяқталады деген жоспар бар.
"Біз 1 желтоқсаннан бастап "Қапланбек" өткізу бекетін жабуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде толығымен жаңғырту жұмыстары атқарылады. Барлық мекемеге тиісті хаттар жіберілді. Көлік жүргізушілерін де хабардар етіп, Қазығұрт, Атамекен және Қонысбаев сияқты бекеттер арқылы өтуге кеңес беріп жатырмыз", - деді Слямов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін шекарадағы өткізу бекетінен өту үшін көлік жүргізуші бәріне кіріп шығуға міндетті. Алдымен шекарадағы бақылаудан өтеді. Одан кейін кедендік тексеріс бар.
Барлығына кіріп, белгі қойдырту қажет. Ал бекетті толығымен жаңартқаннан кейін көлік тексерістен тоқтамай өтеді. Көлік жүргізушісі кабинадан шықпайды.