https://sputnik.kz/20221123/egov-portalynda-zhana-qyzmet-iske-qosyldy-29643884.html
eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды
eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында жемқорлық қылмыс туралы ақпарат алу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik... 23.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-23T11:01+0500
2022-11-23T11:01+0500
2022-11-23T11:01+0500
мобильдік қосымша
https://sputnik.kz/img/1165/23/11652345_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_40018de3f83bef979b77b620fd42d4f8.jpg
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында жемқорлық қылмыс туралы ақпарат алу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-сына сілтеме жасап. Жаңа қызмет онлайн режимде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Ал жемқорлықтың бар-жоғы бірнеше жағдайда тексеріледі. Олар: "Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың болашақ қызметкерлері үшін қажет. Біз уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны онлайн форматқа ауыстырдық. Сонымен қатар, бұл қызмет түрі танымал, іске қосылған сәттен бастап 98 мыңнан аса адам мәлімет алды. Жақын арада біз қызметті үшінші тұлғалардың сервисі арқылы іске қосамыз", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин. eGov.kz порталында жаңа қызметті алу тәртібі:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/23/11652345_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_522ece388ef199e4f6fe3e37692a34c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мобильдік қосымша
eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасында жемқорлық қылмыс туралы ақпарат алу қызметі іске қосылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-сына сілтеме жасап.
Жаңа қызмет онлайн режимде қолжетімді және тегін көрсетіледі. Ал жемқорлықтың бар-жоғы бірнеше жағдайда тексеріледі.
азаматтық қызметке кіру кезінде;
квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасу кезінде;
Бұған дейін ондай мәліметтер Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті арқылы берілді.
"Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордың болашақ қызметкерлері үшін қажет. Біз уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны онлайн форматқа ауыстырдық. Сонымен қатар, бұл қызмет түрі танымал, іске қосылған сәттен бастап 98 мыңнан аса адам мәлімет алды. Жақын арада біз қызметті үшінші тұлғалардың сервисі арқылы іске қосамыз", - дейді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
eGov.kz порталында жаңа қызметті алу тәртібі:
порталда авторизациядан өту;
басты бетте "Азаматтарға" - "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" - "Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу" бөлімін таңдау;
"Адамның сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтер беру" қызметін таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу;
қызметке ЭЦҚ қою және алу; Анықтама 10 минут беріледі. Ал қосымша тексеру қажет болған жағдайда 5 жұмыс күні керек.