Атыраулық медицина қызметкерлері еңбекақының толық төленбегеніне наразы

© Sputnik / Анатолий Медведь / Медиабанкке өтуГоспитализация пациента, архивное фото
Госпитализация пациента, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Атыраулық медицина қызметкерлері жалақының дұрыс есептелмегеніне наразы, деп хабарлайды Астана тв.
№2 облыстық аурухананың медбикелері мен тазалықшылары жыл өткен сайын еңбекақы көбеюдің орнына, азайып жатыр деп отыр.
Айтуларынша, жыл басынан бері зейнетақы, сақтандыру төлемдері де аударылмаған. Салдарынан өзіміз дәрігер қабылдауына жазылып, емделе алмай отырмыз дейді ақ халаттылар.
№2 аурухананың таңертеңгі ауысымнан шыққан медбикелер, лаборанттар мен тазалықшылар үйлеріне қайтуға асықпады. Маңдай термен тапқан жалақымызды адал төлесін деп талап етті.
Айтуларынша, пандемияға дейін барлық төлемдерді қосқанда орта есеппен 180 мың теңге алған. Қазір айлықтары 130 мың теңгеге де жетпейді екен. Оның үстіне жалақыдан ұсталатын зейнетақы төлемі ай сайын аударылмаған.
"Біздің еңбекақымыз, жаңа жылдан бері қосылған 20 процент, мейірбикелерге қосылатын 30 процент, соларымыз төленбей келеді осы күнге дейін. Қазан айында еңбекақымыз біршама шулатқаннан кейін ретке келді деп ойлаймыз", - дейді техникалық персонал қызметкері Бақыт Қошланова.
Шыдамы шегіне жеткен қызметкерлер құзырлы органдарға арыз жазған. Қазір жан-жақты тексеріс жүргізуде. Аурухана басшылығы болса, жалақыны дұрыс есептедік деп шыр-пыр. Ал зейнетақы төлемін не үшін аудармағанын айтты.
Денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, бұл аурухана сот шешімімен өзге компанияға 90 млн теңге төлеуі тиіс болған. Қаржылық қиындық осыдан туындаған.
"Дегенмен зейнетақы және медициналық төлемге берешекті жыл соңына дейін толық жабамыз,- деп уәде берді.
Жауаптылардың бұл сөзіне қанағаттанбаған қызметкерлер прокуратура мен еңбек инспекциясы тексерісінің қорытындысын күтіп отыр.
Жаңалықтар
0