Спорт

"Аргентинаны жеңдік!": Сауд Арабиясында жаппай демалыс жарияланды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуФутбол.
Футбол.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Сауд Арабиясы футболдан әлем чемпионатында Аргентинаны (2:1) жеңгеннен кейін елде ұлттық мейрам жариялады, барлығына жаппай демалыс берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз 23 қарашада барлық мемлекеттік қызметшіге, сондай-ақ, жеке меншік секторда істейтін жұмысшыларға демалыс беруді тапсырды. Бұдан бөлек, мектеп оқушылары мен студенттер де сабақтан босатылды.
Айта кетері, кеше Аргентина мен Сауд Арабиясы арасындағы матчта сенсация болды. Лионель Мессидің командасы 1:2 есебімен жеңілді.
Мессидің өзі пенальтиден гол соқты. Бірақ екінші таймның басында Сауд Арабиясы құрамасы екі рет қақпаны дәл көздеп, екі дүркін әлем чемпиондарын жеңіп кетті.
Жаңалықтар
0