Өңірлер

Алматы облысы жаңбыр суынан жапа шегіп жатыр: халық биліктен көмек сұрады – фото

© Айдана ДайыроваАлматы облысындағы жаңбыр суы
Алматы облысындағы жаңбыр суы
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 23 қараша - Sputnik. Алматы облысында үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдан тұрғындар әбігерге түсті. Жауын басталған алғашқы күндері облыс орталығы көлкіген су астында қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Адам тұрмақ көлік батқан лай судан мезі болған Гүлдала ауылының тұрғындары әлеуметтік желіде видео жариялады. Олардың айтуынша, күре жолға апаратын жалғыз жол жауын суына толып, ары-бері жүру мүмкін болмай қалған.
"Гүлдала ауылындағы су алып кеткен орындарға техника жеткізілді, жауын суын құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауыл әкімі сол жерде", - деді аудан әкімі баспасөз хатшысы Қуаныш Жұманғазыұлы.
© Айдана ДайыроваАлматы облысындағы жаңбыр суы
Алматы облысындағы жаңбыр суы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Алматы облысындағы жаңбыр суы
Алматы қаласында да жауын суы жаяу жүргіншілерді мезі етті. Қала халқы әлеуметтік желіде видео жариялап, биліктен көмек сұрап жатыр.
"Проблемалық учаскелерде, әсіресе Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды", – деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Ал облыс орталығы Қонаев қаласының халі тіпті мүшкіл болған.
© Айдана ДайыроваАлматы облысындағы жаңбыр суы
Алматы облысындағы жаңбыр суы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Алматы облысындағы жаңбыр суы
"Бұған дейін БАҚ өкілдерімен жарықтандыру мәселесі бойынша брифинг өткіземіз деп келісіп едік. Қаладағы төтенше жағдайға байланысты баспасөз отырысы кейінге қалдырылып, қала әкімі Нұрлан Құматаевтың тапсырмасымен шаһарды аралап, сумен арпалысып жатырмыз", – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Дархан Қарағонысов.
Үш күн бойы толассыз жауған жаңбырдан Алматы облысының кейбір аумағын су басты.
Айтып келмейтін табиғаттың тосын мінезі Алматы облысы тұрғындарын әлі біраз әбігерге салар түрі бар.
Жаңалықтар
0