https://sputnik.kz/20221122/zhumysynan-ayyrylgan--92-mynnan-astam-adam-aleumettik-tolem-aldy-29617619.html
Жұмысынан айырылған 92 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Жұмысынан айырылған 92 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 92,2 мың адамды әлеуметтік төлем алды. Оның 87,3 мыңына... 22.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-22T12:01+0500
2022-11-22T12:01+0500
2022-11-22T12:01+0500
әлеуметтік төлем
жұмыссыздық
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4edf2ae444e8e038b47705806a657b89.jpg
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 92,2 мың адамды әлеуметтік төлем алды. Оның 87,3 мыңына мұндай төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге: Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fdd4a6b03e65e78ec66483955930b57d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, жұмыссыздық
әлеуметтік төлем, жұмыссыздық
Жұмысынан айырылған 92 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 92,2 мың адамды әлеуметтік төлем алды. Оның 87,3 мыңына мұндай төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
eGov.kz порталында авторизациялану;
"Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;
онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы Еnbek.kz арқылы да алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.