Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұлыбритания Украинаға Brimstone зымырандарын жеткізді

© AFP 2024 / PHILIP COBURNРакета Brimstone
Ракета Brimstone - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Жазылу
Салыстырмалы түрде жаңа модификациядағы дәлдігі жоғары көп мақсатты Brimstone зымырандары Украина Қарулы күштеріне берілді. Бұл техниканы украин әскеріне ресейлік броньдалған тасымалдаушылар мен Қара теңіз флотының кемелеріне соққы жасау үшін берілді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ұлыбритания Украина Қарулы күштеріне шағын өлшемді және дәлдігі жоғары Brimstone-2 зымырандарын тапсырды. The Telegraph газетінің жазуынша, бұл өнімдер "ресейлік жауынгерлердің өмірін тозаққа айналдыруға" қабілетті.
Brimstone тобындағы техниканың Украинадағы соғыс кезінде қолдану жетістіктері туралы ештеңе белгілі емес. Дегенмен мамыр айында Запорожье облысының аумағында бір арналы басқару жүйесі бар жұмыс істемейтін, іс жүзінде зақымдалмаған британиялық зымыран табылды. Украин әскері Brimstone-1 авиациялық зымыранын жерүсті платформасынан, яғни коммерциялық жүк көлігінен ұшырған. Бұл әдіс оның жою ауқымын 12 километрге дейін шектейді.
Лондонның Киев режиміне әскери және экономикалық көмегі 2022 жылы 4,5 миллиард долларға жетті. Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес 25 сәуірде елдің Украинаға Brimstone зымырандарын жолдауды қарастырып жатқанын айтты. Министрдің парламенттегі орынбасары Джеймс Хиппи сәуірдің 27-сі күні "теңіз қорғанысын нығайту үшін Украинаға кемеге қарсы жүздеген Brimstone зымыраны жіберілгенін" хабарлады.
Аталған зымыранның Brimstone Sea Spear кемеге қарсы модификациясы 2012 жылы әзірленген және ұрыс жағдайында пайдаланылмаған. Ол Brimstone-1 және Brimstone-2 базалық үлгілерінен әлдеқайда көлемді және 100 килограмға дейінгі салмақтағы оқтұмсықты тасымалдайды. Brimstone Sea Spear қос арналы өздігінен бағыттауышпен, сондай-ақ инерциялық және спутниктік навигацияны пайдаланатын басқару жүйесімен жабдықталған. Турбореактивті қозғалтқыш кемеге қарсы зымыранға дыбысқа дейінгі жылдамдықты және 100 килограмға дейінгі қашықтықты қамтамасыз етеді.
Британдық Brimstone-1 (ұзындығы – 1,8 метр, салмағы – 48 килограмм, соғыс жүргізу бөлігі – 6,4 килограмм) американдық AGM-114 Hellfire-II зымыраны негізінде жасалған. Brimstone-1 зымыраны мақсатты аймаққа кіруге арналған инерциялық навигациялық жүйемен және жартылай белсенді лазерлік бағыттауышпен жабдықталған.
Хроленконың мәліметінше, қалыпты және жаңадан енгізілген мүмкіндіктердің үйлесуі арқасында Brimstone-1 тактикалық авиация ұшақтардың арсеналына енді. Жоғары дәлдіктегі басқарылатын зымыран броньдалған нысандарды жоюға арналған. Ол Иракта, Ауғанстанда, Ливияда қолданылды.
Ирактағы британдық әскерилер адамның қатысуын талап ететін бағыттау жүйесіне қанағаттанбады. Себебі, соғыс алаңында нысананы лазермен белгілеу қажет етілді. Жаңа талаптарға сәйкес 2008 жылы Brimstone Dual-Mode модификациясы дайындалды және ол кейіннен Ауғанстанда сәтті қолданылды. 2011 жылы НАТО-ның Ливияға жасаған әуе соққылары кезінде британиялық Tornado ұшақтары 200-ден астам Brimstone-1 зымыранын қолданды.
MBDA консорциумы 2013 жылдың күзінде Brimstone-2 модификациясын жаңа қозғалтқыш және қуатты оқтұмсық енгізу арқылы сынады. Пысықталған радиолокациялық бағыттауыш жоғары жылдамдықты және маневр жасайтын жердегі нысандарды анықтап, оларды сүйемелдеуге қабілетті болды. Жою қашықтығы ұшақтан 60 километрге дейін және тікұшақтан 40 километрге дейін. Brimstone-2 модификациясы Ұлыбританияның әуе күштерінде 2016 жылдан бері қызмет етіп келеді.
"Киевке бұш зымырандардың барлық модификациясы жолднып жатыр. Алайда, Brimstone-1, Brimstone Dual-Mode және Brimstone-2 зымырандарының арнайы іске қосу қондырғысы тасымалдағыш-ұшақтар үшін әзірленген. Олардың қатарында Eurofighter Typhoon жойғыш-бомбалаушы ұшағы, Tornado GR4 ұшағы бар. Ал Украина әуе күштерінде сәйкес соққы жасаушы ұшақтар болмағандықтан, бұл тапшылық пилотсыз ұшу аппараттары есебінен толықтырылып жатыр. Бірақ, түріктердің Bayraktar TB2 ұшағы бұл мақсатқа жарамсыз екенін көрсетті", - деп жазды ресейлік әскери сарапшы.
Бір Brimstone-1 зымыранының құны шамамен 150 мың долларды құрайды, екінші модификацияға арналған оқ-дәрілер 207 мың доллар тұрады. Ал теңіз нұсқасы одан да қымбат.
Бұған дейін Ұлыбритания Киев режиміне 7 мыңға жуық NLAW танкке қарсы зымыран кешенін, 100-ден астам броньдалған машина, Starstreak зениттік зымырандары бар Stormer өздігінен жүретін қондырғыларын, бірнеше ондаған M109 гаубицасын және L119 буксирленетін қаруын, M270 жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйелерін, 16 мыңнан астам артиллериялық снаряд, оқ-дәрі, 4 ,5 тонна пластикалық жарылғыш зат жолдады.
Ресей Федерациясының армиясы Украина Қарулы күштерінің 510 ұшағы мен тікұшағын, 2 549 пилотсыз ұшу аппаратын, 390 мобильдік зениттік-зымыран кешенін, 6 758 танк және басқа да броньдалған машина, 3 611 артиллериялық қондырғы мен миномет, 900-ден астам жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйесін жойды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0