https://sputnik.kz/20221122/soltustik-qazaqstan-oblysyndagy-qos-auyl-ishimdikten-bas-tartqan-29632945.html
Солтүстік Қазақстан облысындағы қос ауыл ішімдіктен бас тартқан
Солтүстік Қазақстан облысындағы қос ауыл ішімдіктен бас тартқан
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартқан. Бірі – Тайынша ауданының Теңдік ауылы болса, екіншісі – Есіл... 22.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-22T18:42+0500
2022-11-22T18:42+0500
2022-11-22T18:42+0500
ішімдік
https://sputnik.kz/img/828/65/8286570_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_20a5f87931decfb2f13f456f93740a23.jpg
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартқан. Бірі – Тайынша ауданының Теңдік ауылы болса, екіншісі – Есіл ауданындағы Қарағай ауылы. Мұнда дүкен сөрелерінен ешқандай спирттік ішімдік таба алмайсыз, деп хабарлады Polisia.kz.Теңдік ауылында 2002 жылы мешіт салынған. Сол жылдан бастап жергілікті тұрғындар Орынбай қажының (ауыл ақсақалы) бастамасымен ішімдіктен бірауыздан бас тартқан. Айта кетері, мұнда Моңғолиядан көшіп келген қандастармен қатар Оңтүстік өңірден Солтүстік аймаққа қоныс аударған отбасылар да бар. Адамдардың саналы түрде арақтан бас тартуына ең алдымен мешіт себеп болған.Теңдік ауылының тағы бір ерекшелігі, мұнда соңғы жылдары ешқандай құқық бұзушылық пен қылмыс тіркелмеген. Мал ұрлығы мен тұрмыста орын алатын қылмыс та жоқ."Ауылда қылмыс болмағанымен жұмыс жетерлік. Тұрғындармен үнемі әңгімелесіп, хәл-жағдайларын біліп тұрамын. Дүкендердің арақ-шарап сатуға рұқсатнамасы бар, бірақ мұны өздері қолдамайды. Өйткені сұраныс жоқ", – деді учаскелік полиция инспекторы Жамбыл Қайыров.Бірлігі жарасқан осындай екінші ауыл – Бұлақ ауылдық округінің құрамына кіретін Қарағай ауылы. Мұнда да жергілікті жұрт ішімдіктен бас тартқан. Тұрғындардың басым бөлігі зейнеткерлер мен орта буынды адамдар. Жастар уақытының негізгі бөлігін қалада, яғни оқуда өткізеді.Ауылдың учаскелік инспекторы Қанат Жанғарин Қарағайдан бөлек Ақтас, Бұлақ сынды екі ауылға жауап береді. Полиция подполковнигі ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етеді. Ал учаскелік инспектор қызметіне 2018 жылы кіріскен."Ауылдардың арасы 5-7 км. Қатты алыс емес. Ауданнан 65 км жерде орналасқан. Қарағай ауылында халықпен қарым-қатынас өте жақсы. Үйлерді жиі аралап тұрамын. Әкіммен, ақсақалдар алқасымен тығыз жұмыс істейміз. Үш ауылда да менде WhatsApp чат бар. Әрбір ауылдан 60-70 адамнан тіркелген. Тұрғындарға қажетті ақпараттарды сонда жіберіп отырамын. Онымен қоса интернет- және телефон-алаяқтарынан қалай сақтануға болатыны туралы буклеттер жіберемін", – деді полицей.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/828/65/8286570_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e2baa72f93850a440731529e1518ec8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішімдік
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында екі ауыл ішімдіктен бас тартқан. Бірі – Тайынша ауданының Теңдік ауылы болса, екіншісі – Есіл ауданындағы Қарағай ауылы. Мұнда дүкен сөрелерінен ешқандай спирттік ішімдік таба алмайсыз, деп хабарлады
Polisia.kz. Теңдік ауылында 2002 жылы мешіт салынған. Сол жылдан бастап жергілікті тұрғындар Орынбай қажының (ауыл ақсақалы) бастамасымен ішімдіктен бірауыздан бас тартқан. Айта кетері, мұнда Моңғолиядан көшіп келген қандастармен қатар Оңтүстік өңірден Солтүстік аймаққа қоныс аударған отбасылар да бар. Адамдардың саналы түрде арақтан бас тартуына ең алдымен мешіт себеп болған.
"Қазіргі таңда ауылымызда 307 адам тұрады, 85 үй бар. Сырттан келгендерге мұнда ешкім ішімдік ішпейтінін, алкоголь сатылмайтынын ескертеміз. Олар да осы ережені бірден қолдап, ауылымызға сіңісіп кетіп жатыр", – деді ауыл әкімі Ержан Қасқұлақов.
Теңдік ауылының тағы бір ерекшелігі, мұнда соңғы жылдары ешқандай құқық бұзушылық пен қылмыс тіркелмеген. Мал ұрлығы мен тұрмыста орын алатын қылмыс та жоқ.
"Ауылда қылмыс болмағанымен жұмыс жетерлік. Тұрғындармен үнемі әңгімелесіп, хәл-жағдайларын біліп тұрамын. Дүкендердің арақ-шарап сатуға рұқсатнамасы бар, бірақ мұны өздері қолдамайды. Өйткені сұраныс жоқ", – деді учаскелік полиция инспекторы Жамбыл Қайыров.
Бірлігі жарасқан осындай екінші ауыл – Бұлақ ауылдық округінің құрамына кіретін Қарағай ауылы. Мұнда да жергілікті жұрт ішімдіктен бас тартқан. Тұрғындардың басым бөлігі зейнеткерлер мен орта буынды адамдар. Жастар уақытының негізгі бөлігін қалада, яғни оқуда өткізеді.
"Тұрғындар егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысады. Ауылдың атмосферасы өте тамаша. Бізде ішімдік сатылмайды. Соның арқасында ешқандай қылмыс тіркелмеген. Ауылда ақсақалдар алқасы бар. Олармен үнемі ақылдасып, кеңес алып отырамыз", – деді Бұлақ ауылдық округінің әкімі Болат Бейсенбаев.
Ауылдың учаскелік инспекторы Қанат Жанғарин Қарағайдан бөлек Ақтас, Бұлақ сынды екі ауылға жауап береді. Полиция подполковнигі ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етеді. Ал учаскелік инспектор қызметіне 2018 жылы кіріскен.
"Ауылдардың арасы 5-7 км. Қатты алыс емес. Ауданнан 65 км жерде орналасқан. Қарағай ауылында халықпен қарым-қатынас өте жақсы. Үйлерді жиі аралап тұрамын. Әкіммен, ақсақалдар алқасымен тығыз жұмыс істейміз. Үш ауылда да менде WhatsApp чат бар. Әрбір ауылдан 60-70 адамнан тіркелген. Тұрғындарға қажетті ақпараттарды сонда жіберіп отырамын. Онымен қоса интернет- және телефон-алаяқтарынан қалай сақтануға болатыны туралы буклеттер жіберемін", – деді полицей.