Ресейлік сарапшылар Қазақстандағы сайлаудың қорытындысын талқылады

© SputnikАрхивное фото флагов России и Казахстана
Архивное фото флагов России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде ҚР президенті сайлауының қорытындысы бойынша белгілі ресейлік сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Отырысты ашқан Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев қатысушыларды Орталық сайлау комиссиясы жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындыларымен таныстырды.
Мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың 69,44 пайызы қатысқан. Қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыспен жеңіске жетті. Елші атап өткендей, дауыс беру нәтижелері қазақстандықтардың барша халықтың тілегін бөлісіп, өзін тиімді мемлекет қайраткері ретінде танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім артатынын көрсетті.
Ресейдің көрнекті дипломаты, РФ СІМ Дипломатиялық академиясының экс-ректоры Евгений Бажанов сайлау тамаша және үздік әлемдік стандарттарға сай өтті деп есептейді.
Ресейлік жазушы, "Белгісіз Қазақстан" кітабының авторы Юрий Сиговтың айтуынша, Тоқаевтың алдағы президенттік мерзімінің басты назары ішкі саясатқа аударылады, өйткені оған халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мәселелерін шешу қажет болады.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, оған қатысушылар халық сенімінің жаңа мандаты Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды жалғастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жаңалықтар
0