https://sputnik.kz/20221122/qyzmette-qaza-tapqan-ort-sondirushilerdin-balalaryna-zhenildik-beriledi--ministr-29630068.html
Қызметте қаза тапқан өрт сөндірушілердің балаларына жеңілдік беріледі – министр
Қызметте қаза тапқан өрт сөндірушілердің балаларына жеңілдік беріледі – министр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қызметте жүріп қаза тапқан өрт сөндірушілер, полицейлер мен әскерилердің балаларына білім алу жағынан жеңілдіктер беріледі. Бұл... 22.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-22T16:37+0500
2022-11-22T16:37+0500
2022-11-22T16:37+0500
өрт сөндірушілер
жеңілдіктер
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0b/26661562_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_9242491305448aaa419fbec60188aef1.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қызметте жүріп қаза тапқан өрт сөндірушілер, полицейлер мен әскерилердің балаларына білім алу жағынан жеңілдіктер беріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.Министрдің айтуынша, қазіргі кезде осы санатқа кіретін балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезексіз қабылдау мәселесі шешілген. Сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін конкурссыз грант беріледі. Енді колледждерге және дарынды балаларға арналған мектептерге қабылдау мәселесі пысықталып жатыр. Аймағамбетов оны жақын арада шешуге уәде берді.Айта кетері, жақында Астанада көпқабатты үйде болған өрт кезінде бірнеше адамды құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды. Артында әйелі мен екі баласы қалды. Ол небәрі 28 жаста еді. Бүгін оны ақтық сапарға шығарып салды. Республика бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде бір минут үнсіздік жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0b/26661562_377:0:3108:2048_1920x0_80_0_0_6efb54ef8f31aa8fa307bde4e14ad5a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт сөндірушілер, жеңілдіктер
өрт сөндірушілер, жеңілдіктер
Қызметте қаза тапқан өрт сөндірушілердің балаларына жеңілдік беріледі – министр
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Қызметте жүріп қаза тапқан өрт сөндірушілер, полицейлер мен әскерилердің балаларына білім алу жағынан жеңілдіктер беріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлады
Хабар 24 арнасы.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде осы санатқа кіретін балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезексіз қабылдау мәселесі шешілген. Сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін конкурссыз грант беріледі. Енді колледждерге және дарынды балаларға арналған мектептерге қабылдау мәселесі пысықталып жатыр. Аймағамбетов оны жақын арада шешуге уәде берді.
Айта кетері, жақында Астанада көпқабатты үйде болған өрт кезінде бірнеше адамды құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулин ауруханада көз жұмды. Артында әйелі мен екі баласы қалды. Ол небәрі 28 жаста еді. Бүгін оны ақтық сапарға шығарып салды. Республика бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінде бір минут үнсіздік жарияланды.