Инфографика

Президент сайлауының қорытындысы

Жазылу
НовостиTelegram
Кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысын Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз.
Кезектен тыс президент сайлауына дауыс берушілердің қатысуы 69,44%-ті құрады. Елімізде 11 миллион 953 мың азамат сайлау құқығына ие болса, оның ішінде 8 300 0 46 адам дауыс берді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республиканың қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 456 392 дауыс немесе 81,31% дауыс жинаған.
Жигули Дайрабаев – 3,42% (271 671 дауыс), Мейрам Қажыкен – 2,53% (200 907), Қарақат Әбден – 2,6% (206 206), Салтанат Тұрсынбекова – 2,12% (168 731), Нұрлан Әуесбаев – 2,22% (176 116 дауыс), "барлығына қарсымын" деген бағанды сайлаушылардың 5,8%-і (460 484 адам) белгіледі.
Жексенбі, 20 қарашада Қазақстанда жетінші рет президент сайлауы өтті. Сайлау күні барлығы 10 101, оның ішінде 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі жұмыс істеді.
Жаңалықтар
0