https://sputnik.kz/20221122/politseylerge-pyshaq-ala-zhugirgen-er-adamnyn-areketi-videoga-tusip-qaldy--29618161.html
Полицейлерге пышақ ала жүгірген ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
Полицейлерге пышақ ала жүгірген ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Қарағанды облысындағы Абай қаласының тұрғыны полицейлерге пышақа ала жүгірді. Басбұзар қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды... 22.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-22T12:52+0500
2022-11-22T12:52+0500
2022-11-22T12:52+0500
қоғам
полиция
бұзақылар
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_1c03c6ccf5d04f9479cb9ba1a7d10bb0.jpg
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Қарағанды облысындағы Абай қаласының тұрғыны полицейлерге пышақа ала жүгірді. Басбұзар қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.Бұл оқиға 4 қараша күні кешкі уақытта болған. Абай аудандық полиция басқармасына қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде белгісіз біреу жанжал шығарып жатқаны туралы хабарлама түсті. Сол жерге взвод командирінің орынбасары Алмаз Жолдасбеков және екі инспектор - Мейіржан Дүйсекенов пен Азамат Тастенұлы барды. Басбұзар далада тағы пышақ сілтей бастады. Сол кезде артында тұрған инспектор Азамат Тастенұлы жауынгерлік самбо әдісін қолданып, оны жерге құлатты. Қолындағы пышағын жұлып алды. Ұсталған азамат полиция басқармасына жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға басталды. Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептік көрсеткiшке (6 360 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/90/62/906286_192:0:913:541_1920x0_80_0_0_c67da94d66d1a49694709daaa894ad2d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, бұзақылар
Полицейлерге пышақ ала жүгірген ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Қарағанды облысындағы Абай қаласының тұрғыны полицейлерге пышақа ала жүгірді. Басбұзар қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды
Polisia.kz порталы.
Бұл оқиға 4 қараша күні кешкі уақытта болған. Абай аудандық полиция басқармасына қаладағы көп қабатты үйлердің бірінде белгісіз біреу жанжал шығарып жатқаны туралы хабарлама түсті. Сол жерге взвод командирінің орынбасары Алмаз Жолдасбеков және екі инспектор - Мейіржан Дүйсекенов пен Азамат Тастенұлы барды.
"Біз алдымен дәлізге кіріп, жоғары қарай көтерілдік. Үшінші және төртінші қабаттың ортасында белгісіз азаматты көрдік. Оның қолында пышаққа ұқсас зат болды. Өзін өте дөрекі ұстап, пышақтаймын, өлтіремін деп айқайлады. Дәлізге біреу шығып қалса, азаматтың қолындағы пышақ тиіп кетер деген оймен оны дереу далаға шығару керек болды. Сыртқа шығарамыз дегенде бізге қарай ұмытылды", – дейді Алмаз Жолдасбеков.
Басбұзар далада тағы пышақ сілтей бастады. Сол кезде артында тұрған инспектор Азамат Тастенұлы жауынгерлік самбо әдісін қолданып, оны жерге құлатты. Қолындағы пышағын жұлып алды.
Ұсталған азамат полиция басқармасына жеткізілді. Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептік көрсеткiшке (6 360 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.