https://sputnik.kz/20221122/keybir-oblystar-auylga-kelgen-darigerge-5-mln-tenge-koterme-zhardemaqy-boledi--giniyat-29612893.html
Кейбір облыстар ауылға келген дәрігерге 5 млн теңге көтерме жәрдемақы бөледі – Ғиният
Кейбір облыстар ауылға келген дәрігерге 5 млн теңге көтерме жәрдемақы бөледі – Ғиният
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылға жұмысқа келген дәрігерлерге төленетін көтерме жәрдемақының мөлшерін атады, деп... 22.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-22T09:59+0500
2022-11-22T09:59+0500
2022-11-22T09:59+0500
өңірлер
ауыл
дәрігер
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16302452_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_a16578f1a22382bd0545d777138ea6bd.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылға жұмысқа келген дәрігерлерге төленетін көтерме жәрдемақының мөлшерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, қазір ауылдарда 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды. Сондай-ақ жыл сайын клиникалық бейіндегі 1500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді, түлектерді өңірлерге бөлу жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, үш жыл ішінде резидентураға берілетін гранттардың санын жыл сайын 70%-ке ұлғайту көзделіп отыр. Бұл шара келесі жылдан бастап іске асады. Сонымен қатар "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы аясында келесі үш жылда жергілікті атқарушы органдар өңірде аса тапшы мамандықтар бойынша 4 мыңға жуық резидентура грантын бөлуді жоспарлап отыр. Резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін пилоттық жоба да пысықталуда. Ғинияттың айтуынша, биыл практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес өңірлерге 1872 жас маман, оның ішінде ауылдарға 444 дәрігер барды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16302452_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_db58b8d26e2ab386bf14281bd8350124.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл, дәрігер, денсаулық сақтау министрлігі
ауыл, дәрігер, денсаулық сақтау министрлігі
Кейбір облыстар ауылға келген дәрігерге 5 млн теңге көтерме жәрдемақы бөледі – Ғиният
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылға жұмысқа келген дәрігерлерге төленетін көтерме жәрдемақының мөлшерін атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, қазір ауылдарда 67 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 13 мың дәрігер және 54 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Медицина кадрларын ауылға тарту үшін түлектердің міндетті түрде 3 жылдық жұмыс істеу нормасы қабылданды.
"Ауылға келген әрбір дәрігерге 1 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін көтерме жәрдемақы бөлінеді. Ал кейбір әкімдіктер – Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстары 3-5 миллион теңгеге дейін бөледі", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Сондай-ақ жыл сайын клиникалық бейіндегі 1500 медицина кадрын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді, түлектерді өңірлерге бөлу жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, үш жыл ішінде резидентураға берілетін гранттардың санын жыл сайын 70%-ке ұлғайту көзделіп отыр. Бұл шара келесі жылдан бастап іске асады.
Сонымен қатар "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы аясында келесі үш жылда жергілікті атқарушы органдар өңірде аса тапшы мамандықтар бойынша 4 мыңға жуық резидентура грантын бөлуді жоспарлап отыр.
Резиденттер ауылда міндетті практикадан өтетін пилоттық жоба да пысықталуда. Ғинияттың айтуынша, биыл практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктеріне сәйкес өңірлерге 1872 жас маман, оның ішінде ауылдарға 444 дәрігер барды.