https://sputnik.kz/20221122/densaulyq-saqtau-ministri-qazaqstandyqtar-undeu-29628962.html
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанға қосымша Pfizer вакцинасы жеткізіледі, әзірге дозасы белгісіз 22.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-22T16:18+0500
2022-11-22T16:18+0500
2022-11-22T16:18+0500
денсаулық
денсаулық сақтау
үндеу
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619329_0:156:3085:1891_1920x0_80_0_0_57b0faa5513578ba56ab1f1c0d1189ac.jpg
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Әлем елдерінде коронавирустың қайта өршуіне байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықты ревакцинация жасауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр қазір елімізде вакциналардың 500 мың дозасы бар екенін атап өтті. Бұл QazVac және Sinopharm. "Бізге гуманитарлық көмек – Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Қазір келісімге қол қою процедурасы жүріп жатыр. Келесі аптада Pfizer-дің қанша дозасы бізге түсетінін хабарлаймыз деп ойлаймын. Бұл екпені халықтың барлық санаты салдыра алады. Осылайша бізде коронавирусқа қарсы үш вакцина болады", - деді ведомство басшысы.Айтуынша, қазір ревакцинация науқаны, негізінен, емханаларда жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29619329_178:0:2907:2047_1920x0_80_0_0_c27712dfe5fa39e81749d37f8ff16b03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау, үндеу
Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстанға қосымша Pfizer вакцинасы жеткізіледі, әзірге дозасы белгісіз
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Әлем елдерінде коронавирустың қайта өршуіне байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықты ревакцинация жасауға шақырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүкіл әлемде қазір коронавируспен ауырғандар саны өсіп барады. Әсіресе көрші елдерде – Қытай, Әзербайжан, Израиль және бірнеше мемлекетте күрт өсті. Сондықтан ревакцинация қажет. Оны жасату үшін бізде вакциналар бар", - деді Ғиният үкімет кулуарында.
Министр қазір елімізде вакциналардың 500 мың дозасы бар екенін атап өтті. Бұл QazVac және Sinopharm.
"Бізге гуманитарлық көмек – Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Қазір келісімге қол қою процедурасы жүріп жатыр. Келесі аптада Pfizer-дің қанша дозасы бізге түсетінін хабарлаймыз деп ойлаймын. Бұл екпені халықтың барлық санаты салдыра алады. Осылайша бізде коронавирусқа қарсы үш вакцина болады", - деді ведомство басшысы.
Айтуынша, қазір ревакцинация науқаны, негізінен, емханаларда жүргізіліп жатыр.