Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

© Photo : пресс-служба правительства РК Арыстанбек Мұхамедиұлы
Арыстанбек Мұхамедиұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты.
"2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты", - деп мәлімдеді Астана қаласы соты баспасөз қызметінің басшысы Ботагөз Баянова.
Еске сала кетейік, биыл мамыр айында бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып, қамауға алынған болатын. 28 мамырда Мұхамедиұлына қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрмесін өткізу кезінде бюджет қаражатының ұрлану фактісі бойынша Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеуді бастаған болатын.
Жаңалықтар
0