Алматыда "Жас қанат – 2023" халықаралық байқауы өтеді

© Photo : Рixabay/SimonephМикрофон
Микрофон - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. "Азия дауысы" халықаралық фестивалі" қоғамдық қоры "Жас қанат – 2023" XXIX жас орындаушылар байқауына өтінім қабылдап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Байқау 2023 жылдың қаңтар айында Алматыдағы Республика сарайында өтеді. Өтінімдерді қабылдау 25 қарашаға дейін жалғасады.
Келесі жылы "Жас қанат" байқауына 32 жыл болады. Бұл Қазақстандағы осындай ұзақ уақыт тексеруден өткен жалғыз ұлттық музыкалық жоба болып саналады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер ұйымдастыру комитетіне мына құжаттарды жіберу керек:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
өз қолымен толтырылған өтінім (қоса беріледі). Өтінімде: солистер үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен орны, жұмыс, оқу орны немесе әскери бөлім, ансамбльдер үшін - аты, ансамбль қатысушылары мен басшысының тегі,
барлығы үшін - нақты пошталық және электронды мекенжайы, байланыс телефондары, қысқаша өмірбаяны көрсетіледі;
кемінде 3 әннің фонограммасы (+1);
3-4 дана көркем фотосурет
шығармашылық өмірбаян.
Байқаудың басты мақсаты – жас талантты орындаушыларды, композиторларды, әнші-ақындарды, Қазақстанның аранжировщиктерін іздеу, қолдау және танымал ету. Сондай-ақ Қазақстанның орындаушылық және ән өнерін дамыту, авторлық әлеуетті ашу.
Әркім өтініші мен аудиожазбасын дирекцияға өз бетінше жібере алады. Байқауда репертуарлық (тақырып, тіл, география) немесе жанрлық шектеулер жоқ, бірақ міндетті түрде заманауи аранжировка болу керек.
Жаңалықтар
0