https://sputnik.kz/20221121/toqaev-qaragandy-oblysynyn-akimine-tapsyrma-berdi-29593073.html
Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне тапсырма берді
Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз... 21.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-21T15:49+0500
2022-11-21T15:49+0500
2022-11-21T17:30+0500
жеңіс қасымбек
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/15/29596191_313:0:3954:2048_1920x0_80_0_0_1a923adb7a68c75363068a9b99cfca41.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгені (1,5 пайызға артқан) құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көрсеткіші 6,3 пайызға артты. Облыс экономикасына 522,2 миллиард теңге инвестиция тартылды (8,5 пайызға көбейген), оның басым бөлігі (92 %) жеке инвестицияға тиесілі.2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 414,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға көп.Мемлекет басшысына Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.Жеңіс Қасымбек "АрселорМиттал Теміртау" компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.Қасым-Жомарт Тоқаев өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/15/29596191_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_02a28057a23f2b8f5ea2ed5017c82126.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіс қасымбек, қасым-жомарт тоқаев
жеңіс қасымбек, қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
"Президентке Қарағанды облысының биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп берілді. Сондай-ақ аймақтың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және инвестиция тарту салалары қарқынды дамып келе жатқаны туралы баяндалды", - делінген хабарламада.
Жеңіс Қасымбектің айтуынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 3,1 триллион теңгені (1,5 пайызға артқан) құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көрсеткіші 6,3 пайызға артты. Облыс экономикасына 522,2 миллиард теңге инвестиция тартылды (8,5 пайызға көбейген), оның басым бөлігі (92 %) жеке инвестицияға тиесілі.
2022 жылдың қаңтар-қазан айларында 414,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға көп.
Мемлекет басшысына Қарағанды облысының автомобиль жолдарын дамыту, халықты сумен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді.
Жеңіс Қасымбек "АрселорМиттал Теміртау" компаниясындағы жағдай туралы да баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өңір экономикасын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.