Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ бақылаушыларының мәлімдемесіне түсініктеме берді

© Sputnik / Владислав ВодневСыртқы істер министрлігінің ғимараты
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ ДИАҚБ (БДИПЧ/ОБСЕ) миссиясының еліміздегі президент сайлауы туралы мәлімдемесіне ресми түсініктеме берді.

"ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың 2022 жылғы Қазақстандағы президент сайлауын бақылау жөніндегі миссиясының алдын ала нәтижелері мен тұжырымдары туралы мәлімдемеде объективтіліктің жоқтығы байқалады және ДИАҚБ-тың осы уақытқа дейін республикамыздың қолдауына ие болған ұйымның маңызды институты ретіндегі тиімділігіне күмән келтіреді", - деп жазылған министрліктің ресми сайтындағы хабарламада.

Ведомство Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің олардың қызметінде "адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық сақтауды қамтамасыз етуге, заң үстемдігі негізінде әрекет етуге және демократия қағидаттарын жүзеге асыруға" бағытталған қызметіне көмек көрсету мандаты бар екенін еске салды.
"Мәлімдеме ЕҚЫҰ ДИАҚБ үшін дәстүрге айналған бейтарап тұжырымдардың трафаретті және біржақты қорытындыларды қамтиды және еліміздегі ішкі жағдайды толық түсінбейтінін көрсетеді. ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар тобы мен оның басшылығының қызметі Қазақстан президентінің елімізді трансформациялауға, оны құқықтық дамыған озық қоғамға айналдыруға бағытталған реформаларына қарсы достық емес көзқарасты айқын көрсетті.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының дәлелсіз және фактілермен расталмаған айыптау мәлімдемесі сайлауды бақылаған барлық беделді халықаралық ұйымның қорытындыларына сәйкес келмейді, бұл оның біржақтылығын тағы да көрсетеді", - деп толықтырды сыртқы саяси ведомство.
Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ ДИАҚБ мәлімдемесінің мазмұны Қазақстан билігімен ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстың жоқтығын көрсетеді деп есептейді және бұл міндетті түрде ескеріледі.
Бұған дейін ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылары Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауында бәсекелестік төмен болғанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
0