https://sputnik.kz/20221121/saylau-2022-qazaqstandyqtardyn-58-payyzy-barine-qarsymyn-dep-dauys-berdi-29576315.html
Сайлау-2022: қазақстандықтардың 5,8 пайызы "бәріне қарсымын" деп дауыс берді
Сайлау-2022: қазақстандықтардың 5,8 пайызы "бәріне қарсымын" деп дауыс берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың шамамен алты пайызы бюллетеньде "Бәріне қарсымын"... 21.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-21T10:53+0500
2022-11-21T10:53+0500
2022-11-21T10:53+0500
президент сайлауы - 2022
дауыс беру
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0f/18140126_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_104af7b21b7052c2ebd187af448f8f26.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың шамамен алты пайызы бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақты таңдаған. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Биыл президент сайлауында алғаш рет халыққа "бәріне қарсымын" деген нұсқаны таңдау мүмкіндігі берілді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша кешегі сайлауда азаматтардың 5,8 пайызы немесе 460 484 азамат осы тармақты таңдаған. Қолданыстағы заң бойынша бюллетеньдегі "бәріне қарсымын" тармағы кандидаттарға берілген дауысты санау кезінде ескерілмейді. Бұл нұсқа қанша сайлаушы сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергенін есептеу үшін ғана қолданылады. Яғни Қазақстан заңнамасында сайлаушылардың жартысынан көбі "бәріне қарсымын" деген тармақты таңдаса, сайлаудың әрі қарай өту тәртібі реттелмеген. Бұл туралы бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеген еді. "Қазіргі қолданыстағы заңда бұл мәселе реттелмеген. Сондықтан ондай жағдай қалыптасса, қай кандидат елу пайыздан көп дауыс алады, сол жеңген болып есептеледі. Егер бірінші турда елу пайыздан көп дауыс жинаған кандидат болмаса, екінші тур өткізіледі. Ең көп жинаған екі адам жарысқа түседі. Кім көбірек дауыс алады, сол жеңген болып саналады", - деп түсіндірді ОСК.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0f/18140126_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2ce660df8f6bb3780b7a656cdbadace2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дауыс беру
Сайлау-2022: қазақстандықтардың 5,8 пайызы "бәріне қарсымын" деп дауыс берді
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың шамамен алты пайызы бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақты таңдаған. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында жарияланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл президент сайлауында алғаш рет халыққа "бәріне қарсымын" деген нұсқаны таңдау мүмкіндігі берілді. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала қорытындысы бойынша кешегі сайлауда азаматтардың 5,8 пайызы немесе 460 484 азамат осы тармақты таңдаған.
Қолданыстағы заң бойынша бюллетеньдегі "бәріне қарсымын" тармағы кандидаттарға берілген дауысты санау кезінде ескерілмейді. Бұл нұсқа қанша сайлаушы сайлау учаскесіне келіп, дауыс бергенін есептеу үшін ғана қолданылады.
Яғни Қазақстан заңнамасында сайлаушылардың жартысынан көбі "бәріне қарсымын" деген тармақты таңдаса, сайлаудың әрі қарай өту тәртібі реттелмеген. Бұл туралы бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеген еді.
"Қазіргі қолданыстағы заңда бұл мәселе реттелмеген. Сондықтан ондай жағдай қалыптасса, қай кандидат елу пайыздан көп дауыс алады, сол жеңген болып есептеледі. Егер бірінші турда елу пайыздан көп дауыс жинаған кандидат болмаса, екінші тур өткізіледі. Ең көп жинаған екі адам жарысқа түседі. Кім көбірек дауыс алады, сол жеңген болып саналады", - деп түсіндірді ОСК.