сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Путин Тоқаевты құттықтады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша - Sputnik. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізді Қазақстан президенті постына қайта сайлануымен шын жүректен құттықтаймын. Сіз өзіңіз ілгерітіп жатқан мемлекеттік даму курсын іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатын отандастарыңыздан үлкен сенім мандатын алдыңыз", - делінген Кремльдің ресми сайтында жарияланған жеделхатта.

Ресей басшысы екі жақты әріптестік мен ынтымақтастық қарым-қатынастары табысты дамып жатқанын ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей осы саладағы байланыстарды жетілдіріп, ары қарай бірлесіп жұмыс істей береді деп сенім білдірді.
Жаңалықтар
0