https://sputnik.kz/20221121/otandyq-kurish-ishki-naryqqa-tolygymen-zhetedi--ashm-29592060.html
Отандық күріш ішкі нарыққа толығымен жетеді – АШМ
Отандық күріш ішкі нарыққа толығымен жетеді – АШМ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстанда жиналған күріш ішкі сұранысты толығымен өтеуге жетеді. Ал артылған өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік бар, деп... 21.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-21T21:16+0500
2022-11-21T21:16+0500
2022-11-21T21:16+0500
күріш
https://sputnik.kz/img/1156/75/11567548_3:0:1279:718_1920x0_80_0_0_2e7b1090fefa2530fd19f4028a60bc9b.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстанда жиналған күріш ішкі сұранысты толығымен өтеуге жетеді. Ал артылған өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, биыл күріш өсірушілер 486,9 мың тонна аршылмаған өнім жинады. Рефракциядан кейін жалпы көлемі 442,5 мың тоннаны құрады. Соның тең жартысынан күріш жармасы шығады. Осылайша, өңдеуден кейін қоймаларға, шамамен, 221,2 мың тонна дайын күріш түседі."Ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 165 мың тоннаны құрайды, бұл өндірілген көлемнен аз. Ал былтырғы қалдықтар мен жаңадан жиналған өнім Қазақстан халқының күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады", - дейді министрлік мамандары.Оған қоса, артық өнімді басқа елдерге экспорттауға мүмкіндік бар. Биыл 8 айдың ішінде 67,8 мың тонна экспортқа шығарылды.Айта кетері, 2022 жылы Қазақстанда күріш 87,8 мың гектарға егілді. Былтыр 8,4 мың гектарға артық болған. Күріш алқаптарын қысқартудың негізгі себебі – вегетациялық кезеңде болатын су тапшылығы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1156/75/11567548_162:0:1119:718_1920x0_80_0_0_c0e2eec6dc27fa0f2b68a2595866ebab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күріш
Отандық күріш ішкі нарыққа толығымен жетеді – АШМ
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстанда жиналған күріш ішкі сұранысты толығымен өтеуге жетеді. Ал артылған өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік бар, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл күріш өсірушілер 486,9 мың тонна аршылмаған өнім жинады. Рефракциядан кейін жалпы көлемі 442,5 мың тоннаны құрады. Соның тең жартысынан күріш жармасы шығады. Осылайша, өңдеуден кейін қоймаларға, шамамен, 221,2 мың тонна дайын күріш түседі.
"Ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігі шамамен 165 мың тоннаны құрайды, бұл өндірілген көлемнен аз. Ал былтырғы қалдықтар мен жаңадан жиналған өнім Қазақстан халқының күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті болады", - дейді министрлік мамандары.
Оған қоса, артық өнімді басқа елдерге экспорттауға мүмкіндік бар. Биыл 8 айдың ішінде 67,8 мың тонна экспортқа шығарылды.
Айта кетері, 2022 жылы Қазақстанда күріш 87,8 мың гектарға егілді. Былтыр 8,4 мың гектарға артық болған. Күріш алқаптарын қысқартудың негізгі себебі – вегетациялық кезеңде болатын су тапшылығы.