сайлау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.10.2022
Президент сайлауы - 2022
Қазақстанда 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

Оппозицияның кандидаты еxit poll нәтижесіне сенбейді

© Sputnik / Абзал КалиевКандидат в президенты от ОСДП Нурлан Ауесбаев
Кандидат в президенты от ОСДП Нурлан Ауесбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қараша - Sputnik. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кандидаты Нұрлан Әуесбаев сайлау бойынша жарияланған еxit poll нәтижесіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үш институттың экзитполына сәйкес, оппозициядан ұсынылған кандидат 1,93-2,38 процент дауыс жинады. Нұрлан Әуесбаев сауалнама нәтижесіне сенбейді.
"Бұл жалпы экзитпол ғой, жалпы, алдын ала жоба. Біз сайлау комиссиясының ресми қорытындысын күтіп отырмыз. Соған ғана үміт артамыз. Ал экзитпол әшейін жоба деп есептейміз. Сенсек те, сенбесек те, бәрі дұрыс келе беремейді ғой. Ресми мәлімдемеге сәйкес келмеуі де мүмкін. Сондықтан біз соны күтеміз", - деді Әуесбаев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, сауалнама кезінде барлық сайлау учаскесін қамту мүмкін емес. Экзитпол өтпеген учаскелер де баршылық.
"Біз де бәрін бақылап отырмыз ғой. Сайлау учаскесінде сауалнама қалай өтті, қандай мекемелер өткізді. Экзитпол болмаған жерлер де бар ғой. Жалпы, әрине, бәрі ойдағыдай болып жатқан жоқ. Дегенмен, біз ресми хабарды ғана мойындаймыз. Соны күтіп отырмыз", - деп атап көрсетті Әуесбаев.
Жаңалықтар
0