Министрлер мен президент көмекшісі Ереванда ҰҚШҰ мәселесін талқылайды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. 22-23 қарашада Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров биыл 22-23 қарашада Ереванда ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы, сондай-ақ ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңесі хатшыларының бірлескен отырысы өтетінін мәлімдеді.
Шараға Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов, қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қатысады.
"Бұл отырыстар барысында ұйымның қазіргі қызметінің бірқатар кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ ұйымның дамыту перспективаларын талқылау жоспарланып отыр. Ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мәселелеріне, ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы әрекет ету жөніндегі шараларға ерекше назар аударылады", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты бірлескен мәлімдеме қабылдайды. Сондай-ақ мүше мемлекеттердің басшыларына қол қоюға енгізілетін құжаттардың жобаларын мақұлдайды.
Жаңалықтар
0