https://sputnik.kz/20221121/ministr-sayasat-nurbek-bolashaqta-suranysqa-ie-bolatyn-bes-mamandyqty-atady-29550429.html
Министр Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады
Министр Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады, деп хабарлайды Sputnik... 21.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-21T20:39+0500
2022-11-21T20:39+0500
2022-11-21T20:39+0500
саясат нұрбек
мамандықтар
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26761002_0:131:3177:1918_1920x0_80_0_0_e7b7b2f97cf836ff704f4297e5b33038.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.Министр "Біздің ел – біздің таңдау" телемарафонына қатысып, білім саласына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ сұранысқа ие болатын бес мамандыққа ерекше тоқталды.Төртінші бағыт – көлік және тасымалдау. Жаһандану заманында осы саладағы мамандықтарға сұраныс жоғары болады."Бесіншісі, ауылшаруашылық саласы. Соңғы он екі жылда дүниежүзіндегі халық саны 8 млрд-қа жетті. Ал адамдар күніне үш рет тамақтанады. Сондықтан ауыл шаруашылығы, оның ішінде агроном, ветеринар, өсімдіктерді қорғау, генетиктер еңбек нарығына қажет", - деп толықтырды Нұрбек.Сондай-ақ министр алдағы 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болатынын ерекше атап өтті."Оның 40 шақтысы қазір 15 жоғары оқу орнында және 40-тан астамы колледжде оқытылады. Төрт мыңнан астам студент жаңа мамандық бойынша дәріс алуда. Ал 95 мамандық өкінішке орай күрт өзгереді. "Мамандықтар атласы" жобасында осы мамандықтарды қарап шықсаңыздар болады", - деді Саясат Нұрбек.Сондай-ақ, оның айтуынша, 120-дан астам мамандық еңбек нарығынан кетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/10/26761002_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_c9f7f254265a58be74ea7621ccd617df.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саясат нұрбек, мамандықтар
саясат нұрбек, мамандықтар
Министр Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің Telegram-арнасына
сілтеме жасап.
Министр "Біздің ел – біздің таңдау" телемарафонына қатысып, білім саласына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ сұранысқа ие болатын бес мамандыққа ерекше тоқталды.
"Біріншісі, ақпараттық технологияға байланысты. Оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік, яғни ақпаратпен жұмыс істейтін инженерлер. Екінші, ұстаздар. Елімізде үлкен демографиялық өсу. Сондықтан мектептер көп салынады. Оған 120 мыңға жуық ұстаз даярлау керек. Ұстаздықты ұмытпаймыз. Үшінші, медицина қызметкерлері. Пандемия нені көрсетті? Эпидемиология, вирусология, микробиология саласында мамандар тапшы", - деді Нұрбек.
Төртінші бағыт – көлік және тасымалдау. Жаһандану заманында осы саладағы мамандықтарға сұраныс жоғары болады.
"Бесіншісі, ауылшаруашылық саласы. Соңғы он екі жылда дүниежүзіндегі халық саны 8 млрд-қа жетті. Ал адамдар күніне үш рет тамақтанады. Сондықтан ауыл шаруашылығы, оның ішінде агроном, ветеринар, өсімдіктерді қорғау, генетиктер еңбек нарығына қажет", - деп толықтырды Нұрбек.
Сондай-ақ министр алдағы 3-5 жылда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болатынын ерекше атап өтті.
"Оның 40 шақтысы қазір 15 жоғары оқу орнында және 40-тан астамы колледжде оқытылады. Төрт мыңнан астам студент жаңа мамандық бойынша дәріс алуда. Ал 95 мамандық өкінішке орай күрт өзгереді. "Мамандықтар атласы" жобасында осы мамандықтарды қарап шықсаңыздар болады", - деді Саясат Нұрбек.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 120-дан астам мамандық еңбек нарығынан кетеді.