https://sputnik.kz/20221121/kandidattardyn-qara-piar-zhasamagany-quantady--lebedev-29583301.html
Кандидаттардың "қара пиар" жасамағаны қуантады – Лебедев
Кандидаттардың "қара пиар" жасамағаны қуантады – Лебедев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев президенттікке таласқан кандидаттарға баға берді, деп хабарлайды Sputnik... 21.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-21T12:37+0500
2022-11-21T12:37+0500
2022-11-21T12:37+0500
президент сайлауы - 2022
сайлау
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/15/29579314_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_01daa71f8818d5c29cdec761ee22afa7.png
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев президенттікке таласқан кандидаттарға баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, президенттікке үміткерлер жіті әрі сапалы іріктелген. Оның пірікінше, саяси науқан ашық өтті. Оған сайлау учаскелерінде атмосфера дәлел. Лебедевтің айтуынша, барлық кандидат өз сайлауалды бағдарламасында халықтың арман-мақсаты мен мұң-мұқтажын ескерген. "Олардың басты мақсаты халықтың өмірін жақсарту, Қазақстан жерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету болды", - деді Лебедев. ТМД бақылаушылар миссиясы – барлығы 174 адам Қазақстанда бір ай бойы жұмыс істеді. Олар 1000-нан астам сайлау учаскесін аралап шықты. Мониторинг Қазақстан аумағында, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық мекемелер жанынан ашылған сайлау учаскелері бар басқа елдерде де жүргізілді. Сайлау науқанын барысында ТМД бақылаушылар ешқандай заңбұзушылық тіркемеген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/15/29579314_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_49028779681949a8edb28f5880d9d12a.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сайлау
Кандидаттардың "қара пиар" жасамағаны қуантады – Лебедев
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев президенттікке таласқан кандидаттарға баға берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, президенттікке үміткерлер жіті әрі сапалы іріктелген.
"Барлық кандидат та жоғары білімді, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда жұмыс өтілі бар лайықты адамдар. Мемлекеттегі ең жоғары қызметке ұсынылатын кандидаттың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге ие. Кандидаттардың позициясы туралы айтар болсам, сайлауалды науқан барысында қара пиар болмағаны қуантады. Президенттікке кандидаттар сайлаушыларды өз бағдарламасымен таныстыруға көңіл бөлді. Қарсыластарының бағдарламаларын сынаудан аулақ болды. Бұл науқанның тыныш өтуіне септігін тигізді", - деді Лебедев Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның пірікінше, саяси науқан ашық өтті. Оған сайлау учаскелерінде атмосфера дәлел. Лебедевтің айтуынша, барлық кандидат өз сайлауалды бағдарламасында халықтың арман-мақсаты мен мұң-мұқтажын ескерген.
"Олардың басты мақсаты халықтың өмірін жақсарту, Қазақстан жерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету болды", - деді Лебедев.
ТМД бақылаушылар миссиясы – барлығы 174 адам Қазақстанда бір ай бойы жұмыс істеді. Олар 1000-нан астам сайлау учаскесін аралап шықты. Мониторинг Қазақстан аумағында, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық мекемелер жанынан ашылған сайлау учаскелері бар басқа елдерде де жүргізілді. Сайлау науқанын барысында ТМД бақылаушылар ешқандай заңбұзушылық тіркемеген.