https://sputnik.kz/20221120/saylaushylardyn-6931-payyzy-dauys-berip-ulgerdi--29562158.html
Сағат 20.00-ге дейін сайлаушылардың 69,31 пайызы дауыс берді
Сағат 20.00-ге дейін сайлаушылардың 69,31 пайызы дауыс берді
Sputnik Қазақстан
Он бес өңірде сайлау учаскелері жабылды 20.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-20T19:25+0500
2022-11-20T19:25+0500
2022-11-20T20:31+0500
президент сайлауы - 2022
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29561823_1:0:1920:1079_1920x0_80_0_0_1b35ca723318663061d4beafb3f1c97b.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген сайлаушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сүйенсек, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 69,31%-і немесе 8 282 607 дауыс берді.Сайлаушылардың дауыс беруге келуі бойынша Жетісу – 81,43%, Абай – 80,18 %, Қызылорда – 80,31 % және Түркістан 80,37 облыстары көш бастап тұр. Алматы қаласында сайлаушылардың тек 28,72 пайызы ғана дауыс берді. Астанада бұл көрсеткіш 48,67 пайызды құрады.Осылайша елдің басым аумағында дауыс беру аяқталды. Ал қалған бес өңірде – Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері жергілікті уақытпен кешкі 20.00-де, елорда уақытымен сағат 21.00-де жабылады.Сонымен қатар шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыс беру процедурасы әлі жүріп жатыр.Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауын бақылауға 10 халықаралық ұйым мен 35 мемлекеттен 641 байқаушы аккредиттелген болатын. Бұдан бөлек, сайлауға 264 шетелдік журналист мониторинг жүргізіп жатыр.Президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 қазақстандық дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін барлығы 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.Барлығы алты кандидат, соның ішінде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға түсті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29561823_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_529909968a96924285fafaa456512df4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
Сағат 20.00-ге дейін сайлаушылардың 69,31 пайызы дауыс берді
19:25 20.11.2022 (жаңартылды: 20:31 20.11.2022) Он бес өңірде сайлау учаскелері жабылды
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 20.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген сайлаушылардың санын жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметке сүйенсек, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 69,31%-і немесе 8 282 607 дауыс берді.
Сайлаушылардың дауыс беруге келуі бойынша Жетісу – 81,43%, Абай – 80,18 %, Қызылорда – 80,31 % және Түркістан 80,37 облыстары көш бастап тұр. Алматы қаласында сайлаушылардың тек 28,72 пайызы ғана дауыс берді. Астанада бұл көрсеткіш 48,67 пайызды құрады.
Осылайша елдің басым аумағында дауыс беру аяқталды. Ал қалған бес өңірде – Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері жергілікті уақытпен кешкі 20.00-де, елорда уақытымен сағат 21.00-де жабылады.
Сонымен қатар шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыс беру процедурасы әлі жүріп жатыр.
Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауын бақылауға 10 халықаралық ұйым мен 35 мемлекеттен 641 байқаушы аккредиттелген болатын. Бұдан бөлек, сайлауға 264 шетелдік журналист мониторинг жүргізіп жатыр.
Президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 қазақстандық дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін барлығы 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.
Барлығы алты кандидат, соның ішінде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға түсті.