https://sputnik.kz/20221120/saylauda-bolgan-qyzyqty-oqigalar--video-29557884.html
Сайлауда болған қызықты оқиғалар – видео
Сайлауда болған қызықты оқиғалар – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанда тағы бір кезектен тыс президент сайлауы өтті. Саяси науқан әдеттегідей қызықты сәттерімен есте қалды. Сайлауға... 20.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-20T19:02+0500
2022-11-20T19:02+0500
2022-11-20T19:02+0500
президент сайлауы - 2022
президент сайлауы
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29502614_1:0:1920:1079_1920x0_80_0_0_6da9499d5d5691f4eec1a6f7d87e6c5f.jpg
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанда тағы бір кезектен тыс президент сайлауы өтті. Саяси науқан әдеттегідей қызықты сәттерімен есте қалды. Сайлауға прокатқа жақында ғана шыққан Marvel-дің танымал жұлдыздары келді. 100-ден асқан қариялар тағы көзге түсті. Олар жастардан бұрын келіп, дауыс берді. Зейнетке шыққан Нұрсұлтан Назарбаев та камера алдына шықты. Бірақ оққағарлары бұрынғыдай ешкімді жақындатпауға тырысты. Тіпті, сұрақ қойғысы келген кейбір журналисті алып кетуге дайын тұрды. Ал Тоқаев барған жерде еркіндік сезілді. Байқаушылар онымен селфиге де түсіп үлгерді. Sputnik Қазақстан сайлауда болған қызықты сәттерді шолып шықты.Қазақстандағы ең егде әже бата бердіБүгін сайлау учаскелерінің басым бөлігі таңғы сағат 7:00-де ашылды. Кейбір жерлерде сайлаушылар одан бұрын келіп, учаскенің ашылғанын күткен. Сол үшін сыйлық алды. Осылайша, бірінші болып дауыс бергендерге құрмет көрсетілді.Ал Жаркентте 100 жастағы Зейнелхан Оспанова сайлау учаскесіне өзі келді. 12 баланың анасы жиналғандарға батасын беріп, барлығын Жаңа Қазақстанды бірге көтеруге шақырды.Алматы облысында тұратын елдегі ең қарт адам – 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева да дауыс берді. Сайлау учаскесінің мүшелері оның үйіне бюллетень салатын жәшікті апарды. Әжей бәріне өз жасын тіледі.Нұржамал әженің төрт баласынан 15 немересі, 12 шөбересі, 5 шөпшегі бар екен.Ваканданың жауынгерлері келдіБүгін той өткізіп жатқан қазақстандықтар аз емес. Ал Қарағанды қаласында жас жұбайлар – Алтынбек Кәрібай мен Гүлбаршын Әлімханова кешкі дастарқанға дейін ел болашағы үшін өз дауысын беруге шешім қабылдады. Сөйтіп, кортежбен бірден сайлау учаскесіне тартып кеткен.Шымқаланың тұрғындары да сайлауды ерекше өткізді. Ұлттық киім киген әжелер сайлау учаскесінде би билеп, жұртты тәнті етті.Қостанайлықтар да қалыспады.Астанадағы сайлау учаскесіне Ваканданың жауынгерлері келді. Танымал фильмдегі кейіпкерлердің киімін киіп келген қара нәсілді жігіттерді бақылаушылар деп ойлап қалған. Тіркеуге құжаттарын да сұрапты. Бірақ олардың көшбасшысы: "Ассалаумағалейкум, құрметті қазақстандықтар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Сайлау күні құтты болсын! Жасасын Ваканда! Жасасын Қазақстан! Жасасын Африка", - деп қазақша тілек айтып, кетіп қалған.Текелі қаласында бүркітшілер әулеті көзге түсті. Олар ұлттық киім киіп, қыран құстарын ұстап келді. Олармен фотоға түскісі келген адамдардың легі толастамады.Ал Петропавл қаласының тұрғындары сайлауды пайдаланып, бүгінгі өзекті проблеманың бірі – азық-түлік қымбатшылығымен күрес шарасын өткізді. Сайлау учаскелерінде шағын жәрмеңкелер ашылды. Ол жерде азық-түлік төмен бағамен сатылды.Айтпақшы, бүгін үкіметте азық-түлік бағасына жауапты вице-премьер Серік Жұманғарин сайлаудан кейін инфляция деңгейін ұстап қалуға уәде берді.Тоқаев пен Назарбаев бұрынғы орында дауыс бердіҚасым-Жомарт Тоқаев оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне таңғы сағат 9:00-дің кезінде барды. Кандидат сол жерде бірнеше маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетпейді. Сосын Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша арнайы заң қабылданады. Сондай-ақ Тоқаев президенттің жеті жылдық мерзіміне қатысты ойын да айтты."Жеті жыл жеткілікті деп ойлаймын. Бұл - әрбір адамның ғұмырындағы үлкен мерзім. Сондықтан ең алдымен Қазақстанда билікке ешқандай монополия болмайды. Билікті монополияға айналдыруға тыйым салынады. Құдай қаласа, 21 жылдың ішінде Қазақстанда 3 президент болады", - дейді Тоқаев.Тоқаев сайлау учаскесіне бөлек есік арқылы кірді. Бірақ басқа сайлаушылар емін-еркін жүрді. Біреулер селфиге түсіп алды.Ал бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берген учаскеде жәшіктің қасында сайлаушылар көрінбеді.Зейнетке шыққан экс-президенттің оққағарлары бұрынғыдай оған ешкімді жақындатпауға тырысты. Бірақ журналистер кетіп бара жатқан Назарбаевқа бірнеше сұраққа жауап беруді сұрады. Ол қарсы болған жоқ. Алдымен Мәсімов туралы сауал қойылды.Одан кейін тілшілер немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот шешімі қаншалықты әділ болғанын сұрады.Оның оққағарлары өзекті сұрақтардың қойылып жатқанын байқады ма, жоқ, әлде біреудің тапсырмасы ма, кейбір журналистерге сұрақ қоюға мүмкіндік бермеді. Дөрекілік танытып, көтеріп алып кетуге дайын тұрды.Айтпақшы, Алматыда сайлау кезінде рұқсат етілмеген митинг болды. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Барлығын полиция бөлімшесіне жеткізді. Біреулер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, басқалар профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/14/29502614_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_1b5a7eb252bf551ac59f93da432968d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент сайлауы
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанда тағы бір кезектен тыс президент сайлауы өтті. Саяси науқан әдеттегідей қызықты сәттерімен есте қалды. Сайлауға прокатқа жақында ғана шыққан Marvel-дің танымал жұлдыздары келді. 100-ден асқан қариялар тағы көзге түсті. Олар жастардан бұрын келіп, дауыс берді. Зейнетке шыққан Нұрсұлтан Назарбаев та камера алдына шықты. Бірақ оққағарлары бұрынғыдай ешкімді жақындатпауға тырысты. Тіпті, сұрақ қойғысы келген кейбір журналисті алып кетуге дайын тұрды. Ал Тоқаев барған жерде еркіндік сезілді. Байқаушылар онымен селфиге де түсіп үлгерді.
Sputnik Қазақстан сайлауда болған қызықты сәттерді шолып шықты.
Қазақстандағы ең егде әже бата берді
Бүгін сайлау учаскелерінің басым бөлігі таңғы сағат 7:00-де ашылды. Кейбір жерлерде сайлаушылар одан бұрын келіп, учаскенің ашылғанын күткен. Сол үшін сыйлық алды. Осылайша, бірінші болып дауыс бергендерге құрмет көрсетілді.
Ал Жаркентте 100 жастағы Зейнелхан Оспанова сайлау учаскесіне өзі келді. 12 баланың анасы жиналғандарға батасын беріп, барлығын Жаңа Қазақстанды бірге көтеруге шақырды.
Алматы облысында тұратын елдегі ең қарт адам – 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева да дауыс берді. Сайлау учаскесінің мүшелері оның үйіне бюллетень салатын жәшікті апарды. Әжей бәріне өз жасын тіледі.
Нұржамал әженің төрт баласынан 15 немересі, 12 шөбересі, 5 шөпшегі бар екен.
Ваканданың жауынгерлері келді
Бүгін той өткізіп жатқан қазақстандықтар аз емес. Ал Қарағанды қаласында жас жұбайлар – Алтынбек Кәрібай мен Гүлбаршын Әлімханова кешкі дастарқанға дейін ел болашағы үшін өз дауысын беруге шешім қабылдады. Сөйтіп, кортежбен бірден сайлау учаскесіне тартып кеткен.
Шымқаланың тұрғындары да сайлауды ерекше өткізді. Ұлттық киім киген әжелер сайлау учаскесінде би билеп, жұртты тәнті етті.
Қостанайлықтар да қалыспады.
Астанадағы сайлау учаскесіне Ваканданың жауынгерлері келді. Танымал фильмдегі кейіпкерлердің киімін киіп келген қара нәсілді жігіттерді бақылаушылар деп ойлап қалған. Тіркеуге құжаттарын да сұрапты. Бірақ олардың көшбасшысы: "Ассалаумағалейкум, құрметті қазақстандықтар! Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Сайлау күні құтты болсын! Жасасын Ваканда! Жасасын Қазақстан! Жасасын Африка", - деп қазақша тілек айтып, кетіп қалған.
Текелі қаласында бүркітшілер әулеті көзге түсті. Олар ұлттық киім киіп, қыран құстарын ұстап келді. Олармен фотоға түскісі келген адамдардың легі толастамады.
Ал Петропавл қаласының тұрғындары сайлауды пайдаланып, бүгінгі өзекті проблеманың бірі – азық-түлік қымбатшылығымен күрес шарасын өткізді. Сайлау учаскелерінде шағын жәрмеңкелер ашылды. Ол жерде азық-түлік төмен бағамен сатылды.
Айтпақшы, бүгін үкіметте азық-түлік бағасына жауапты вице-премьер Серік Жұманғарин сайлаудан кейін инфляция деңгейін ұстап қалуға
уәде берді.Тоқаев пен Назарбаев бұрынғы орында дауыс берді
Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне таңғы сағат 9:00-дің кезінде барды. Кандидат сол жерде бірнеше маңызды мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, сайлаудан кейін үкімет отставкаға кетпейді. Сосын Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны қайтару бойынша арнайы заң қабылданады. Сондай-ақ Тоқаев президенттің жеті жылдық мерзіміне қатысты ойын да айтты.
"Жеті жыл жеткілікті деп ойлаймын. Бұл - әрбір адамның ғұмырындағы үлкен мерзім. Сондықтан ең алдымен Қазақстанда билікке ешқандай монополия болмайды. Билікті монополияға айналдыруға тыйым салынады. Құдай қаласа, 21 жылдың ішінде Қазақстанда 3 президент болады", - дейді Тоқаев.
Тоқаев сайлау учаскесіне бөлек есік арқылы кірді. Бірақ басқа сайлаушылар емін-еркін жүрді. Біреулер селфиге түсіп алды.
Ал бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берген учаскеде жәшіктің қасында сайлаушылар көрінбеді.
Зейнетке шыққан экс-президенттің оққағарлары бұрынғыдай оған ешкімді жақындатпауға тырысты. Бірақ журналистер кетіп бара жатқан Назарбаевқа бірнеше сұраққа жауап беруді сұрады. Ол қарсы болған жоқ. Алдымен Мәсімов туралы сауал қойылды.
Одан кейін тілшілер немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот шешімі қаншалықты әділ болғанын сұрады.
Оның оққағарлары өзекті сұрақтардың қойылып жатқанын байқады ма, жоқ, әлде біреудің тапсырмасы ма, кейбір журналистерге сұрақ қоюға мүмкіндік бермеді. Дөрекілік танытып, көтеріп алып кетуге дайын тұрды.
Айтпақшы, Алматыда сайлау кезінде рұқсат етілмеген митинг болды. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Барлығын полиция бөлімшесіне жеткізді. Біреулер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, басқалар профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды.